|    |  
20 наурыз 2019
00:57
қаз
​Күзгі тренд: Скандинавиялық принтті жемпір
05 қыркүйек 2017, 09:41 4

Сандықтағы ескі киімдерді жиі қопаратын болсаңыз, ата-анаңыздың жас кезінде, яғни, 80-ші жылдары сәнді болған тоқыма жемпірлерін көрген шығарсыз. Егер солай болса, оларды үйден алдыртатын уақыт келді.

Себебі, биылғы күзде сол скандинавиялық принтті жемпірлер трендке айналғалы отыр. Жалпы, байқасаңыз уақыт алға жылжыған сайын, сән өндірісі жұлдыздар түгілі, қарапайым адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналған сайын әр маусымның трендіне айналар киім үлгілерінің саны да артып келеді. Бір ғана киім сәнді болып, өзгелерден еш айырмашылығым болмай қалады деп қорқудың қажеті жоқ. Өйткені, осы күздің 90 күніне 90 түрлі тренд киім таба алатыныңызға біз сенімдіміз.

Сонымен, маусымның хит киімі туралы айтатын болсақ, бұл жемпірлерде көбіне солтүстік полюс табиғатының графикалық суреті бейнеленеді. Аталған бейненің заманауи үлгілерін Anya Hindmarch, Loewe,  Fendi мен Louis Vuitton секілді танымал сән үйлері де өз топтамаларында ұсынып отыр. Әдетте шаңғышылардың үстінен ғана көретін киімнің әлдеқайда нәзік үлгілері Sacai топтамасынан табылады. Бұл сән желісі скандинавиялық принтті моншақ, ірілі-ұсақты әйнек секілді жылтырақтармен безендірген. Ал, Mulberry сән үйі жемпірдің аса көркем оверсайз үлгісін ұсынып отыр.

Дереккөз: http://massaget.kz

 


Жаңалықтар