22 Июнь
09:15
Астана: 21 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 341.18
EUR/KZT: 392.97
RUB/KZT: 5.34
CNY/KZT: 52.50
Кербез
11 наурыз 17:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Көктемге теріні қалай дайындау қажет

Көктем жылдың ең жайлы кезі болып есептеледі. Көктемде күннің шапағының әсерінен бәрі жанданып, құлпырып шыға келеді. Бұл күнделікті өмірге қажетті энергияны қалпына келтіруге көмектесетін көктемдей құлпыру, өзгеру уақыты, біз сол себепті де өз денемізде көктемді мүмкіндігінше жылдам сезінгіміз келетіні рас. Дене туралы айтқанда, көктемнің де біздің терімізге тікелей қатысы бар екенін естен шығармаған абзал. Терімізді жылдың ең бақытты мезгіліне дайындауымыз үшін біз нені естен шығармауымыз қажет?

Күнделікті күтім
Біздің қысқы терімізге қоршаған ортаның жағымсыз түрлі факторлары әсер етті, соның әсерінен ол құрғақ, зақымданған және ұстағанда жағымсыз әсер береді. Қыста температура төмендеген кезде теріміз булану салдарынан құрамындағы суын жоғалтты, ал кеңейген капиллярларымыз тек бетімізді ғана қызартып қана қойған жоқ, кедір-бұдырлық, қалыңдық, тегіс еместік секілді қолмен ұстағанда білінетін жағымсыз әсерлерді әкелді.

Ең алдымен: гидратация

Теріні күтудің ең маңыздысы (тек қана көктемде емес, жылдың барлық мезгіліне тән) оны ылғалдандыру болып табылады. Құрғақ және қатқыл тері де майлы кремнің қуатты әсерін қажет етеді. Қазіргі кремдер терінің жағымсыз жарқырауын болдырмай, оны шынайы ылғалдандырады және майлайды.

Екіншіден: табиғи түс реңкін аласыз
Қыстан кейін барлығымыздың теріміз құрғақ, нашар қоректенген және жылтырын жоғалтқан болып келеді. Осы сұр түс жалпы саулыққа теріс әсер етеді, ал бұл дегенің көктем үшін қажетті энергияның бізде болмауымен түсіндіріледі. Көктемгі күнмен кездескендегі тері жарқылын тиімді түрде қалай жоюға болады?

Нарықта көп кездесетін қабыршақтайтын пилингке қол жеткізіңіз. Тозған, зақымдалған эпидермисті қабыршақтағыш пилинг арқылы лезде алып тастау мүмкін. Бұл тек қана өлі теріні алып тастамайды, тері қабатындағы коллаген мен эластинді реттейді. Пилингті қол жетімді дәріханалардан сатып алуыңызға, болмаса үй жағдайында жасауыңызға болады. Сүтті зығыр және бидай кебегіне негізделгендері мінсіз келетіні белгілі. Сіз сондай-ақ арнайы әзірленген SPA-процедураларды қабылдауыңызға да болады, олар тері қабатына терең еніп, пилинг жұмысын жоғары сапада орындайтыны сөзсіз.

Бетке пилинг жасағанда санын көбейтіп жібермеңіз. Теріге зақым келтірмес үшін, аптасына бір рет бұл процедураны жасап тұрсаңыз да болады.

Үшіншіден: тұрақты түрде маскалар пайдаланыңызҚыстан кейінгі түнерген тері масканың зор тиімділігін сезінуді армандайтыны анық. Олар тек теріні қоректендіріп қана қоймай, жылтырауды қалпына келтіреді және оның созылыңқылығын реттейді. Бұл жерде сіз дәріханалардағы дайын маскаларды пайдалана аласыз, болмаса үй жағдайында жасап алуыңызға да болады. Құрамында жұмыртқаның сарысы, не лимон сығындысы, оливо майы және бал бар маскалар теріге өте пайдалы.

Төртіншіден: сұлулық салонына барыңызЕгер сіздің теріңіз тым сұр болса және сіз тез арада оны қалпына келтіргіңіз келсе, сұлулық салонына барғаныңыз жөн. Салонда ғана сіздің теріңіз өзін тыныштандыратын және қалпына келтіретін ионтофорез және ультразвук секілді дозалы емді қабылдай алады. Ем қабылдап болған соң, тек теріні ұзақ уақыт бойы ылғалдандыру жеткілікті, нәтижесі сізді қуантуы керек. Егер ем-дом теріні дұрыс нәрлілендірмеді деген күмәніңіз болса, дерматолог кеңесіне жүгінгеніңіз абзал. Маман ғана сіздің теріңізді бағалап, күдігіңіздің рас-бұрыстығын айта алады.

Сіз көктемнің келгенін ғана күтпей, барлық мезгілде де өз теріңізге күтім жасап тұрғаныңыз дұрыс. Алайда жылдың бұл мезгілі де өзгеріске дайындықты туғызып жатады. Біздің визит карточкамызға – теріңізге қамқорлық жасаудан еш қорықпаңыз, бұл бізде біреу ғана. Өйткені көктемде бар тіршілік жанданады. Қыстың құрсауынан арылып, біздің өмірлік жанды, жаңа терімізбен бірге оянайық.

Дереккөзі:​.zhenskoeschastie.com
нравится:    96
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:

Комментарии