|    |  
27 наурыз 2019
00:08
қаз
Кофеден жасалған скраб пен маска
15 қыркүйек 2017, 12:32 9
Кофеден жасалған барлық маскалар табиғи кофеден жасалады (еріген кофе жарамайды). Негізінен скраб пен маска қант қосылмаған кофе ішкеннен кейін соңында қалған қоюы немесе ұнтақталған түйіршіктерден жасалды.



Құрғақ, дұрыс және әртүрлі теріге арналған кофенің скрабы: ішілген кофеден кейін қалған қоюын майлы сүзбемен араластырыңыз. Сұйықтықты бетіңізге жағып, 1-2 минут көлемінде жақсылап уқалаңыз. Содан кейін масканы бетіңізде тағы 10 минутқа қалдырып, бөлме температурасындағы сумен жуып тастаңыз.

Құрғақ бетті тазартуға , терінің түлеуіне көмектесетін кофе маскасының үй жағдайындағы рецепті: кофені ішкеннен кейін қалған қоюына аздаған тұз, аздаған даршын (корица), 1 ас қасық өсімдік майын және шәй қасық шекерді қосып араластырыңыз. Оны бетіңізге жағып уқалаңыз. 10 минут өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз.

Майлы теріге арналған кофе скрабы: Ішкеннен кейін қалған кофе қоюын 1 ас қасық йогуртпен араластырыңыз. Бетіңізге жағып, 1-2 минут уқалаңыз, сосын салқын сумен жуып тастаңыз. Мұндай скрабты құрғақ теріге де пайдалануға болады, онда йогурттың орнына майлы айран немесе қаймақ қосқаныңыз дұрыс.

Терінің барлық түріне арналған кофе скрабы: Кофені қайнатып ішіңіз, шынының түбінде қалған қоюға 2 шәй қасық сұлы үлпегін қосып араластырыңыз. Егер теріңіз құрғақ болса 1 ас қасық қаймақ, ал егер теріңіз майлы болса ас қасық йогурт қосыңыз. Алынған скрабпен дымқыл бетті 2 минут ішінде уқалаңыз.

Дереккөз: naturalmask.ru


Жаңалықтар