|    |  
21 сәуір 2019
12:23
қаз
Қобызшы Ақерке Тәжібаева жолдасымен қалай танысқанын айтты
24 қазан 2017, 11:39 11
Қазақтың қобызын әлемге танытып, тыңдарманын керемет күйге бөлеп жүрген қобызшы Ақерке Тәжібаева жолдасымен қалай танысқандарын айтты.


  
Жолдасы Есенжол екеуі НТК арнасының «Әнім сен едің» бағдарламасына сұхбат берген.
 
Ғашықтардың таныстығында, қарым-қатынасында алғашқы қадамды қобызшының өзі жасаған екен.
 
«Бір күні әлеуметтік желіде отырып, кездейсоқ әдемі жігіттің суретін көріп қалдым. Ойымда ештеңе жоқ, ұнаған соң лайк баса салдым. Екі аптадан кейі бейтаныс жігіт жазды. Қарасам өткендегі өзім лайк басқан сымбатты жігіт. Солай әңгімеміз жалғасып кетті»-дейді Ақерке.
 
Бірақ бұл таныстық ұзаққа созылмапты. Біраз сөйлескеннен кейін араларындағы байланыс бір жылдай үзіліп қалған.
 
«Бір күні махаббат туралы ән тыңдап отырдым. Ерекше сезімде, ерекше көңіл-күйде едім. Сол кезде «Сол бір сымбатты жігіт бар еді ғой» деп Есенжол есіме түсіп кетті де, «Сәлем» деп өзім жаздым. Дос ретінде сәлемдесейін дедім. Есенжол мені есінен шығарып алыпты. Басында танымады, кейін қобызшы Ақерке есіне түсіп, өзі қалмады. Солай араласып кеттік»-дейді қобызшы.
 
Есенжол болса Ақеркенің өнеріне тәнті болып, бір-ақ күнде күтпеген жерден Алматыға қобызшыны көру үшін барады. Қарым-қатынастары осылай өрбіген ғашықтар көп ұзамай шаңырақ көтеруге шешім қабылдайды.


 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар