|    |  
24 наурыз 2019
15:44
қаз
Кеңсе қызметкері үшін: жан мен тән саулығына арналған кеңестер
31 қаңтар 2019, 15:43 5


Күніне 5 шақырымдай жаяу жүруге дағдыланыңыз.Келе жатып,миды шаршататындай ешнәрсе ойламауға тырысыңыз.Жәй ғана айналадағы өмірді бақылаңыз.Әсіресе жүзізнен қуаныштың ізі байқалатын жандарға назар аударыңыз.Солайша миыңыз демалады және де бұлшықеттеріңізде қалпына келеді.Жүрген кезде омыртқаға салмақ аз түсіп,қанайналымы жақсарады.Компьютер алдында көп отыратын адам үшін ең бірінші көзіне омыртқасына және білегіне ауыртпалық келеді.Осы дене мүшесіне көбірек көңіл бөлгеніңіз абзал. 

Компьютердің алдында күніне 5-6 сағат отырған абзал.Әрбір 40 минут сайын көздеріңізді демалдырап отырыңыз.Орныңыздан тұрып біраз тынығып алыңыз.Біріншіден орындықта дұрыс отыруды үйреніп алғанымыз абзал.Аяқтарымыз бен қолдарымыз 90 градуста,ал отырған омыртқамыз орындықтан 20 градуста орналасуы тиіс.Білек пен саусақтар шаршамас үшін оларды үстелдің үстіне қойыңыз.Осы ережелерді сақтамасаңыз жүйкеңізге зақым келеді.Бастың ауруыда дұрыс отырмағаныңызға байланысты.Мойындарыңызды,иықтарыңыздан оңға солға бұрып жаттығулар жасаңыз.Міне қарапайым жаттығулар арқылы денсаулығыңызды қалыптастыра аласыз.Ең бастысы жұмысқа беріліп,бірінші байлық денсаулық екенін ұмытпаңыз.

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар