|    |  
22 наурыз 2019
11:57
қаз
Қазақстан «Doing Business» рейтингінде 35-орынға көтерілді
22 желтоқсан 2016, 16:12 5



Қазақстан Дүниежүзілік банкінің «Doing Business» рейтингінде 35-ші орынға көтерілді.

Бұл жөнінде бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі мен Экономикалық зерттеулер институтының қызметкерлері хабарлады. Жиында 60 мемлекет арасында кәсіпкерлік белсенділік деңгейі бойынша еліміздің 29-шы сатыда тұрғаны айтылды. Бұл деңгей Қазақстанда 11 пайызды құраса, Ұлыбритания, Испания, Голландия және Малайзияда 7 пайыздан аспаған. Ал елдегі кәсіптен нәсіп табуға ниетті халықтың үлесі 19,6 пайызды құрайды. Сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстанда кәсіпкерлік білім берудің кешенді жүйесін мектеп қабырғасынан дамытқан жөн. Өйткені жүргізілген сауалнамаларға сәйкес, қазақстандықтардың жартысынан астамының жеке іс ашуға қарым-қабілеті бары анықталған.

Нұрлан Құлбатыров, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директорының орынбасары:
- Бүгінгі таңда әлемде кәсіпкерлікті зерттейтін бірнеше зерттеу орталықтары бар. Солардың ішінде ең ірісі Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі деп аталатын жоба. Бұл жоба 1997 жылы Лондон бизнес мектебі және АҚШ колледжінен басталған.


Дереккөзі: www.24.kz
 


Жаңалықтар