|    |  
23 ақпан 2019
11:22
қаз
ҚАЗАҚША ЛАҒМАН
28 желтоқсан 2018, 14:49 13


Ингредиенттер:

Қамыр үшін:

Ұн - 1 кг
Жұмыртқа - 2 шт
Тұз - 1 шай.қ
Су - 1 кесе
 
Тұздық үшін:

Ет - 500 гр
Май қуыру үшін - 300 гр
Орамжапырақ - 300 гр
Пияз - 3-4 шт
Картоп - 3-4 шт
Сәбіз - 1-2 шт
Қызанақ - 3-4 шт
Сарымсақ - 5-6 түйір
болгар бұрышы - 2 шт
Татымына қарай тұз, бұрыш
 
Қамыр илеп, жұқалап жайып, жіңішкелеп жаямыз.(дайын лапшаны да алуға болады)
Ыстық тұз салынған суға пісіріп алып, салқын сумен шаямыз.

Тұздық үшін май мен етті тураймыз. Картопты төртбұрыштап, сәбізді, орамжапырақты, болгар бұрышын сопақша етіп тураймыз. Пиязды дөңгелекшелеп, қызанақты бөліктерге бөліп, сарымсақты уақтап.
 
Табаға майды пиязды етті салып қуырамыз. Шырыны шыққанша қуырыңыз. Сарымсақ, картоп, қызанақ, бұрыш, сәбізді салып жартылай дайын болғанша пісіремз. Су құйып тұз, бұрыш сеуіп орамжапырақты салып дайын болғанша пісіремз.
 
Үстелге қоярда лапшаны салып үстіне тұздықты құйып, аскөк пен ақжелкенді салып ұсынамыз.
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар