|    |  
23 сәуір 2019
03:55
қаз
Қайрат Нұртастың жары не себепті он жыл бойы жасырынып келгенін айтты
28 қыркүйек 2017, 10:14 14
Мега жұлдыз Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімованың аты соңғы кезде БАҚ беттерінде жиі айтылып жүр. Он жыл бойы жұлдызды жарының тасасында жасырынып келген Жұлдыз жақында ғана ел алдына шыға бастаған. Ерлі-зайыптылар тіпті тағдырларынан сыр шертетін фильм де түсірді. Енді Жұлдыз Instagram желісінде он жыл бойы не себепті жасырынып жүргенін жазыпты.


 
«Ең алғаш ана бақытын сезінген кезім. Қызымыз Сезім. Қайрат екеуміздің қуанышымызда шек жоқ, бірақ жас болдық, әке анамыз деп айтуға ыңғайсызданамыз. Өмір осылай жалғасын тауып, қазір Аллаға шүкір екі ұл екі қызымыз бар. Бақытты отбасылардың қатарындамыз шүкір. Осының бәрі әуелі Алла, одан кейін қарапайым xалықтың арқасы. Қайратты көтерген шынайы жанашыр тыңдармандары. Сіздерге көп раxмет! Мен 10 жыл бойы көрінбей тығылып жүрмедім, уақыты келгенде көрсетерсің деп жүрдік. Ел Қайраттың үйленген үйленбегенін нақты білмей қалды. Қайратқа, оның отбасына шығармашылығына деген қызығушылық арта түскен сайын бізде өнеріне балта шаппайық деп тек тілекші болып келдік»-дейді әншінің жары.

Бірақ бұл аккаунтты шынымен Жұлдыздың өзі жүргізе ме әлде басқа біреулер ашқан жалған парақша ма беймәлім.

 

Ең алғаш ана бақытын сезінген кезім.Қызымыз Сезім. Қайрат екеуміздің қуанышымызда шек жоқ,бірақ жас болдық,әке анамыз деп айтуға ыңғайсызданамыз????????өмір осылай жалғасын тауып қазір Аллаға шүкір екі ұл екі қызымыз бар.Бақытты отбасылардың қатарындамыз шүкір.Осының бәрі әуелі Алла,одан кейін қарапайым xалықтың арқасы,Қайратты көтерген шынайы жанашыр тыңдармандары.Сіздерге көп раxмет.Мен 10 жыл бойы көрінбей тығылып жүрмедім,уақыты келгенде көрсетерсің деп жүрдік.Ел Қайраттың үйленген үйленбегенін нақты білмей қалды,Қайратқа деген,оның отбасына шығармашылығына деген қызығушылық арта түскен сайын бізде өнеріне балта шаппайық деп тек тілекші болып келдік. ( айта берсек әңгіме көп,қалғанын келесі постта жазамын)????күтіңіздер. Жұлдыз Әбдікәрімова.

Публикация от @zhuldyzabdikarymova


Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар