|    |  
24 сәуір 2019
12:02
қаз
​Қайрат Нұртас келіншегінің енді киноға түсуіне тыйым салды
24 қазан 2017, 18:05 13
Жақында ғана «Арман» фильмінде басты рөлді сомдап, жұрт алдына шыққан Жұлдыз Әбдікәрімова жары Қайраттың енді өзіне киноға түсуге тыйым салғанын мәлімдеді. Бұл туралы актриса әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.


 
«Мында мен сіздермен ақылдасып, ұсынылған әрбір рөлде өзімді елестетіп, отырсам, қожайыным: «Томирис xаным! Менің сұлу перім болып, отбасылық дәрігер болып, әулеттің супер келіні болып, осы шаңырақта-ақ, жағымды басты рөлде ойнап жүре берші!»- деп, сіздермен ойласқан жоспарымды орнына қойып тастады»-дейді Жұлдыз.
 
Бұл арада желі қолданушыларының пікірі қақ жарылған. Біреулері: «Сіз талантты актрисасыз. Өнеріңізді өлтірмеңіз. Отбасы мен киноны қатар алып жүріңіз» десе, екіншілері Қайраттың ісін қолдаған. «Жарыңыздың сізді қаншалықты жақсы көретіні көрініп тұр. Дұрыс айтады. Бақытты болыңыздар» дейді оқырмандар.

 


Дереккөз: Reactor
 
 
 


Жаңалықтар