|    |  
21 сәуір 2019
22:04
қаз
Қай жолмен жүрген болар едіңіз? Таңдауыңыз болмысыңыздан сыр шертеді!
18 ақпан 2018, 17:44 24



Жолдардың бірін таңдап, өз болмысыңызды таныңыз!

№ 1 жол
Сіз өз алдыңызға тәуелсіз жансыз. Сізге қарсылық көрсету ұнамайды және Сіз өзіңіздің тәуелсіз болуыңыз бен жеке кеңістігіңіздегі қажеттілігіңізді айналадағыларға қамқорлық көрсету қажеттілігімен реттеп отыруға тырысасыз. Сіз әрдайым бар керегіңізді алып, рахаттанып өмір сүруге және басқалардың өзіңізге көп ықпал етуіне мүмкіндік бермеуге тырысасыз!

№ 2 жол
Көптеген жандармен Сіз жалғыздықты қалайтын адам секілді қарым-қатынасты ұстанасыз, алайда айналадағылармен жақсы тіл табыса білесіз. Сіз өз сезіміңізді басқара білесіз және айналадағы басқа жандардың сезімін жақсы түсінесіз. Сіздің мына өмірге деген көзқарасыңыз мүлдем теңдессіз!

№ 3 жол
Сіз қызыққұмар жансыз. Сіз айналадағылардан тез жалығасыз. Сізге күш-жігеріңізді өзіңіз шынайы жақсы көретін және миыңыздың тынығуына мүмкіндік беретін нәрсеге шоғырландырғаныңыз жөн. Басқа жандар Сізбен бірге өткізген уақытын жоғары бағалайды!

№ 4 жол
Сіз тосыннан өзгеретін жансыз. Сіз тәуекелге бел буып кіріскен ісіңізде керемет жетістіктерге жете аласыз! Жұрт Сіздің энергиялы жан екеніңізді ұнатады. Достарыңыз Сіздің өмірге деген көзқарасыңыздан үнемі өздеріне сабақ алып жатады. Сіз әрдайым өзіңіздің ішкі дауысыңызға сенім білдіруіңіз тиіс, ол Сізді алдамайды.

№ 5 жол
Сіз жалғыздықты қалайтын интроверт пен көпшілік ортаны жаны сүйетін экстраверт арасындағы жансыз (мұндай адамдар өмірде сирек кездеседі), өзіңіз жақсы көретін адамдар арасында қызықты әрі сүйкімді тұлғасыз. Сізде барлығы да үнемі табиғи таза күйде, кеңпейілсіз, әрдайым жақсы адам болып қалуға тырысасыз!

№ 6 жол
Сіз басқалардың өзіңізге әділетсіздік көрсеткенін қаламайсыз. Өз жұмысыңызды жан-тәніңізді беріп атқарасыз. Сырт көзге байқатпауға тырысқаныңызбен қатты сөздер мен кемсітіп-қорлауға жаныңыз төзе бермейді, алайда бұлардың өз жолыңыздан адастыруына мүмкіндік бермеуге тырысасыз!


Дереккөзі: http://prelestno24.ru


Жаңалықтар