|    |  
19 сәуір 2019
22:15
қаз
Катар қажылар мінетін ұшақтардың өз әуежайына қонуына рұқсат бермеді
21 тамыз 2017, 14:54 5
Катар Доха әуежайына Сауд Арабиясының ұшақтарының қонуына рұқсат бермеді. Бұл ұшақтармен Дохадан Меккеге баратын қажылар тасымалдануы тиіс болған.



Saudia әуе компаниясының бас директоры ұшақтардың Доха әуежайына қонуына рұқсат алуқұжаттары бірнеше күн бұрын жолданғанын мәлімдеді. Ал екі аптадан кейін қажылық сапары басталмақ.

Бұған дейін Сауд Арабиясы Катармен шекараны ашып, қажылардың қажылық парыздарын өтеуіне еш кедергі келтірмейтіндерін мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, 5 маусымда Сауд Арабиясы, Египет, БАӘ мен Бахрейн Катармен дипломатиялық байланысты үзген болатын. Бұған Катар билігінің террорлық топтарды қаржыландырып, өзге елдердің ішкі істеріне араласуы себеп болған.

Дереккөз: Сегодня


Жаңалықтар