19 Октябрь
00:42
Астана: 5 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Әлем жаңалықтары
12 қазан 12:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қасқыр мен бұланның судағы айқасының видеосы жарияланды


Канадалық Дэн Найстедт өзінің Youtube каналында қасқырдың су ішінде тұрған ірі денелі бұланға шабуылдаған сәті бейнеленген видеоны жариялады.
 
Ол Phantom 4 Pro дронның көмегімен Онтарио провинциясының солтүстік бөлігіндегі орманның керемет сұлулығын түсіру барысында суда тұрған бұланды байқап қалады. Камера объективін бұланға жақындатып, жануарды енді түсіруге кірісе бастаған сәтте қалың ағаш арасынан шыққан қасқырдың оған тап берген сәтіне куә болады, деп хабарлайды vesti.ru.

Жыртқыш бірнеше секунд ішінде бұланға көз ілеспес жылдамдықпен шабуыл жасайды да, оның алдыңғы аяғын тістеген күйі жабысып қалады. Жыртқыштың азулы тістері жанына батқан бұлан ұзақ уақыт бойына оны сілкіп түсірмекке әрекеттенеді. Арада біршама уақыт өткеннен кейін қасқыр бұланның аяғын босатады.

Бұлан осы сәтті пайдаланып, су бетімен қасқырдан қаша жөнеледі. Жыртқыш өзінің олжасын қуып жетпекке әрекеттенгенімен онысынан түк шықпайды. Оның үстіне қасқырға квадрокоптердің дауысы кедергі келтірген секілді. Бұланды қуып шаршаған ол жағаға жүзіп шығып, өз жөніне кете барады. 




Источник: http://vesti.ru
 
нравится:    623
Теги: Главная, Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии