|    |  
27 мамыр 2019
20:15
қаз
Кәсіпкерлер бизнес және туризм саласы бойынша қаланың даму мүмкіндіктерін талқылады
20 қараша 2015, 10:55 9

Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы бойынша жиын М. Әуезов атындағы мемлекеттік университетінде өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров қатысып, жиналғандарды алдағы 5 жылда тұжырымдама аясында бизнес, туризм және ауылшаруашылығы саласында атқарылатын шаралардың жоспарымен таныстырды. 
- Тұжырымдамада қаламыздың әлеуметтік -экономикалық жай-күйіне салыстырмалы талдау жасалынып, негізгі көрсеткіштерінің даму динамикасы мен өзекті мәселелер көрсетілген. Кәсіпкерлік саласын өркендету мақсатында әкімшілік тосқауылдарға талдау жүргізіліп, кешенді жоспар қабылданады. Жергілікті және шетел нивесторларын тарту үшін 100 жоба әзірленеді, - деді қала әкімінің орынбасары. 
Н.Көшеровтің мәлімдеуінше, келер жылы ретсіз сауда орындарын жою мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіледі, кей базарлар қала сыртына көшіріліп, қайта құрудан өтеді. Туризмді дамыту мақсатында қаламыздағы туристік компаниялар Ресей, Қытай мемлекеттерімен бірлескен заманға сай түрлі бағдарламалар әзірлеп, маршруттар ұсынады. Сонымен қатар әуежай, темір жол вокзалы мен ойын-сауық нысандарын салуға инвесторлар тартылмақ.  
Даму құжатының басым бағыттары талқыланған жиында Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі ОҚО филиалының директоры Қасымбек Мәліков, ОҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Қасымбеков, және басқа да кәсіпкерлер сөз алып, ой-пікірлерімен бөлісті. Өз кезегінде, қала әкімінің орынбасары кәсіпкерлерді алға қойған міндеттерді бірлесе отырып жүзеге асыруға шақырды.

Дереккөзі: shymkent.gov.kz


Жаңалықтар