|    |  
20 ақпан 2019
09:57
қаз
Кәріс куксиі
14 қаңтар 2019, 15:08 46

 
Құрамы:
 
Ет — 500 гр
Кукси лапшасы немесе 1 пакет спагетти
Қырыққабат — 200-300 гр
Сарымсақ-1 бас
Қияр — 1 кг
Қызанақ — 0,5 кг
Соя соусы — 4-5 асқасық
Уксус қышқылы 9 % — дық (ол үшін 1 асқасық 70% — дық уксусқа 7 асқасық су қосасыз) - 6 асқасық
Кориандр — 1 асқасық
Қант
Тұз
Қызыл бұрыш
Сұйық май
Аскөк
 
Қайнап жатқан 3 литр суға 4асқасық қант, 2 асқасық тұз, 6 асқасық 9 пайыздық уксус қышқылын, 4-5 асқасық сое соусын, 1 асқасық кориандр және 5-6 түйір майдалап туралған сарымсақтарды салып 5 минут қайнатып, отты өшіріп салқындатамыз.

Салқындағаннан кейін 3-4 қиярды ұзынша етіп турап, сорпаға саламыз. Аздап майдаланған чили бұрышын қоссаңыз болады. Етті ұзынша етіп турап, жұмсарғанша қуырамыз

Жұмсақ боп піскеннен кейін, сарымсақ салып 2-3 минут қуырамыз.

Үстіне 1 ожау дайын сорпа құйып, сорпасы таусылғанша бұқтырамыз. еттің майын дайын сорпаға құйып араластырамыз жұқалап туралған қырыққабатқа 1 шай қасық қант, 1 шай қасық уксус, 1 шай қасық тұз, аскөқ укроппен петрушка, 2-3 асқасық сұйық май, қызыл бұрыш салып, қолымызбен еземіз 7

Қайнаған суға лапшамызды саламыз. 5 -7 минут жеткілікті, себебі бұл өте жіңішке. Піскеннен кейін мұздай суға құйып, лапшаларымызды салқындағанша жуамыз. Таза ыдысқа осылай орап қоямыз. Ыдысқа салып, үстіне ұзынша туралып тұздалған қиярмен қызанақтарды, етті қырыққабатты бөлек-бөлек салып сорпасын құйыңыз!
 
АС БОЛСЫН!

Дереккөз: Rector


Жаңалықтар