|    |  
21 сәуір 2019
12:25
қаз
Қарағанды тұрғыны қымбат маркалы көліктерден өз арманындағы «Волганы» құрастырған
19 шілде 2016, 11:15 9

 
Александр Безгинов бала күнгі арманын жүзеге асыру үшін 3 жыл уақытын жұмсапты. Екі жыл қажетті бөлшектерін, технологиялық шешімдерін іздесе, құрастырудың өзіне тоғыз ай уақыты кеткен. Барлық жұмысты жергілікті шеберлер жасаған. «1972 жылы әкем ГДР-ден ГАЗ-21 автокөлігін теуіп келді. Мен де өзімнің қымбат көліктерден бір елі қалыс қалмайтын ретроавтокөлік стиліндегі машинам болғанын қаладым. Жоспарымды жүзеге асыру үшін ғаламтордан осындай көліктерді құрастыратын шеберді тауып, одан техникалық шешімдерін сұрадым»-дейді автор.
 
Александр бұл волганы төрт ГАЗ-21 машинасынан құрастырып шығарған. Қосалқы бөлшектерін Қазақстан, Мәскеу мен Санкт-Петербургтен әкелген.


 
Ең қиыны көлікті есепке қою болыпты. Мемлекеттік органдар автокөлікті есепке қоюдан бас тартқанда Александар Қарағанды, Алматы мен Астана қалаларынан қажетті құжаттарды жинаған. Ал осы көлікті құрастыруға жаңа Toyota автокөлігінің құнына пара-пар қаражат жұмсалыпты.
Қазір ерекше автокөлік той-томалақ пен салтанатты кештердің сәніне айналған.


 
 Дереккөз: today.kz


Жаңалықтар