|    |  
10 желтоқсан 2018
07:57
қаз
​Канадалық спортшылар Денис Теннің құрметіне арнап өнер көрсетті
26 қыркүйек, 09:49 31
Канадалық мәнерлеп сырғанаушылар Кэйтлин Уивер мен Эндрю Поже Оквиллдегі Autumn Classic International халықаралық турнирінде Денис Теннің құрметіне арнап өнер көрсетті.


 
Олар би үшін "SOS, d"un terrien en detresse" әнін таңдаған. Денис Тен өткен жылы жарақат алғаннан кейін әдл осы әнмен мұз айдынына қайта оралған болатын.
 
Уивер мен Поже бұл музыканы Денис Теннің шоуында өнер көрсету үшін Қазақстанға келгенде естіген.
 
«Бұл біздің ойымыздан шықпай қойды. Біз үйге келіп, бағдарламаны әннің басқа нұсқасы бойынша жасадық. Трагедия орын алғанда біз бұны Денис үшін жасауымыз керектігін түсіндік»-дейді Уивер.
 
Олар сондай-ақ дайныдықтың оңай болмағанын айтады. Уивер мен Поженің өнерін қазылар 120.74 балға бағалаған. Турнир қорытындысы бойынша спортшылар 197,27 балмен алтын медаль алған.


 
Дереккөз: sputniknews.kz


Жаңалықтар