|    |  
26 наурыз 2019
02:26
қаз
Индира Расылхан бойжеткен кезіндегі естелігімен бөлісті
17 қазан 2017, 12:13 5
Әнші Индира Расылхан бойжеткен кезіндегі суретін желіге жүктеп, сол кездердің естелігімен бөлісті.


 
«Мына суретте 17 жастамын-ау шамасы. Кезінде шашымызды қантпен қатырып кекілді тұрғызып қоятын мода еді. Қазіргі жастарға қызығамын, ақшаң болса бәрі бар. Макияждың түр- түрін , шаш үлгісінің небір түрін жасайды. Өзі жасай алмаса да мамандардан үйреніп алса да мүмкіндік бар. Ал біздің кезімізде не? Қара қалам мен бір помада, қас дегенді өсіріп жүре беретін едік. Көзімізді елден үйреніп бояйтынбыз. Ол үйренетіндер де қай бір маңдыртып боянады дейсіз?! Бетке опа жағып алып жүре беретінімізді айтсаңшы.  Қазір коррекция деген жақсы болды ғой. Бетіңді арық көрсетем десең де, мұрныңды қыр мұрын етіп көрсетемін десең де, тек үйрен де жасап жүре бер. Әңгімемнің төркіні мынау ғой, өзгеріппін бе?»-дейді әнші.
 
Оқырмандары болса әншінің табиғи сұлулығына тәнті болып, бұрынғыдан көп өзгермегенін айтып жатыр.
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар