|    |  
24 сәуір 2019
11:51
қаз
Ханзада Уильям мен Кейт Миддлтонға бұзуға болмайтын ережелер
23 тамыз 2017, 15:20 9
Британияның тақ мұрагері, ханзада Уильям мен жары Кейт Миддлтонға заңмен тыйым салынған ережелер бар.


 
Мысал үшін ханзада Уильям өзінің ұл-қызымен бір ұшақта ұша алмайды. Және мұрагер саналатын ұлы Джордж бен қызы Шарлоттаны бірге алып кетіп, саяхаттау үшін тақта отырған патшайымнан ресми түрде рұқса алуы тиіс. Қазір патша сарайының заңдары біршама жұмсарғанымен, бірнеше ғасыр бұрын бекітілген қатаң қағидалар сақталған. Мәселен патша отбасының бірде бір мүшесіне еш жерде ешкімге қолтаңба беруге болмайды. Сондай-ақ патша отбасының мүшелеріне саяхаттап жүргенде, өзге елдерге барғанда ешқандай жағдайда теңіз өнімдерін тұтынуға, шикі ет жеуге, краннан су ішуге болмайды. Себебі уланып қалуы мүмкін.

Дереккөз: 7Дней


Жаңалықтар