|    |  
19 сәуір 2019
23:11
қаз
Гүлнәр Каримова өмір бойы абақтыдан шықпауы мүмкін
31 тамыз 2017, 16:48 9
Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнәр Каримова өмір бойы абақтыдан шықпауы мүмкін. Қазір ол үй қамағынан түрмеге ауыстырылған. Бірақ нақты қай мекемеде екені айтылмайды.


 
Каримованы түрмеге тоғытуға 2015 сот шешімі негіз болған. Ол шешім Ислам Каримовтың көзі тірісінде шығарылса да, әкесі қызын абақтыға айдатпаған. Сарапшылар бұны Өзбекстан билігінің саяси алаңды тазартып, Каримованы бір жола жоюы деп түсіндіріп отыр.


 
Бұдан бөлек  ханшайымға қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалған. Бірақ сарапшылар оған қарсы қылмыстық іс қозғап, «көзін құртудың» тиімсіз екенін айтады. Себебі Гүлнәр Каримова көп шындықты біледі, сотта соның бәрін су бетіне шығаруы мүмкін.
 
Дереккөз: РИА Новости 


Жаңалықтар