|    |  
10 желтоқсан 2018
07:36
қаз
Головкиннің промоутері боксшының әнұраннан не себепті бас тартқанын айтты
04 қыркүйек, 18:15 316


Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер боксшының өз әнұранын шырқаудан бас тартуы жайлы Оскар Де Ла Хойяның айтқанымен келіспейтінін жеткізді. Ол Альварес промоутерінің шу шығарған мәлімдемесіне қатысты жауап берді деп хабарлайды sports.kz.

Мексикалық боксшының промоутері Головкиннің тобы жекпе-жек алдында әнұран шырқаудан бас тартып жатқанын, бұл өзінің туып-өскен елі Қазақстанды құрмет тұтпайтындығының көрінісі деп баса айтқан болатын. 

Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, жекпе-жек алдында әнұранды айту өз алдына бір бөлек рәсім.

Алайда, Геннадий Головкиннің тобы Альварес промоутерінің мәлімдемесімен келіспейтінін айтты. Олар ұлттық әнұрандарды шырқау рәсімі PPV-көрсетілімге дейін өткізілуін қалағанын айтып ақталуда. 

Том Леффлердің айтуынша, боксшылар бұл шешімді жекпе-жекке ештене кедергі келтірмес үшін қабылдаған.

Оған қоса, GGG промоутері мексикалық боксшының тобы Головкиннен шындыққа жанаспайтын мәлімдеме үшін кешірім сұрау керектігін айтты.


 


Жаңалықтар