Әлем жаңалықтары
11 қазан 15:19
​Ғалымдар осы күзде тұмаудың қандай түрлері таралатындығын айтты

Күзгі кезең - суықтың және тұмаудың уақыты, яғни ересектер де, балалар да оның алдын алуды ойлануы қажет. ДДҰ тұмаудың тағы үш жаңа штаммы пайда болды деп хабарлады.

Біріншісі - Brisbane (В тобы) бір адамнан екіншісіне беріледі. Белгілері: бас ауыруы мүмкін, мұрынның бітелуі, тамақтың және мұрынның шырышты қабығының қабынуы, бүкіл дененің дел-салдығы, температура жылдам 39-40 градусқа дейін көтеріледі.

Екіншісі  Michigan (А тобы) белгілері бұған дейінгі тұмаумен ұқсас. Дегенмен оған мынадай белгілер қосылады: көздің жасаурауы, конъюнктивит, шаршау және ұйқының болуы. Бұл жағдайда дене температурасының 39-40 градусқа дейін көтерілуі бірнеше сағаттың ішінде орын алады. Науқаспен байланыста болғаннан кейін бес сағаттан кейін белгілер байқалады.

Үшіншісі - HongKong (А тобы) адамдардан, жануарлардан, құстардан жұғады. Белгілері: бас ауыруы негізінен маңдай-самайда байқалады, қызу, мұрынның және тамақтың шырышты қабығының қызаруы, сөйлеудің нашарлауы.

Дәрігерлер өзіңіздің және балалардың жағдайын мұқият бақылап отыруға кеңес береді. Бас ауруы, жағдайдың жалпы нашарлауы, ұйқышылдық, безгектің пайда болуы немесе бас айналуы аурудың пайда болу белгісі болуы мүмкін.

ЖРВИ-ге қарағанда, тұмау кезінде ауру жедел өршиді, тез улану болып, жүрек айнуы мүмкін. Дене қызуы дереу пайда болады және ем-дәрінің көмегімен нашар түседі, құрғақ жөтел пайда болады. Бұған қоса, ЖРВИ әдетте аздаған әлсіздікпен сипатталады: мұрынның бітелуі, тамақ ауруы, жөтел. Температура әдетте 38-39 градустан аспайды және оңай түседі. Жағдайдың нашарлауы әдетте бірте-бірте болады.

Тұмаудың жедел дамуына байланысты алдын алу шараларына ерекше назар аударуы керек – қарттар, балалар, жүкті әйелдер, денсаулық сақтау қызметкерлері және адамдар көп шоғырланатын жерде жұмыс істейтіндер.

Иммунитетті көтеріп, оның ауруларға төтеп беруін арттыратын иммунды ынталандыратын дәрі-дәрмектерге назар аударған жөн: калоцель, арбидол, пентаглобин, афлубин, реаферон, анаферон, иммуноверин, октаган. Қазіргі уақытта  аудандық клиникаларда  да тегін вакцинация алуға болады.

Эпидемия пайда болған жағдайда, баланы көп адамдардан шоғырланған жерге баруын шектеп, балабақшаға немесе мектепке барудан бас тартуға болады. Ересектер қоғамдық көліктерге отырудан шектелуі керек. Кинотеатр, ойын-сауық және сауда орталықтарына барудан бас тартқан жөн. Күн сайын бөлмелерге ылғалды тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауасын тазартып отыру қажет. Осы қарапайым шаралар тұмауды жұқтыру ықтималдылығын азайтуға, отбасыңызды және өзіңізді қорғауға бағытталады.

Дереккөзі: ​orthodox.od.ua

Комментарии




Яндекс.Метрика