|    |  
25 мамыр 2019
12:50
қаз
​Ғалымдар күйзелістің ең маңызды үш белгісін анықтады
27 қыркүйек 2018, 15:18 11

Мұндай ауру белгілерін өзге ештеңемен шатастыру мүмкін емес.

Күйзеліспен жер бетіндегі әр бесінші адам ауыратындықтан, бұл ауруды емдеуге мол қаражат пен уақыттың бөлінетіні де шындық. Кәсіби маман дәрігерлер «дөңгелек үстел» режімінде күйзеліс тақырыбын талқылап, оның үш маңызды белгісін анықтай алды.

Біріншісі ауыр түрдегі психологиялық жағдай, бұл көбіне түн ортасында бірден оянып кету, жүрек қағысының жиілеуі, кей кездері іш өтумен бірге жүретін үрейдің пайда болуы.

Бұл аурудың екінші көрсеткіші ретінде көңіл-күйдің жиі ауытқуы айтылды. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, күйзеліс кезінде көпшілігі кешке қарай тыныштана бастайды, ал таңертеңнен бұл адамдарда жаман көңіл-күй мен жаман сезім болады екен.

Күйзелістің соңғы белгісі ретінде адамда қанағаттың, ләззаттың болмауы аталды. Мұндай адамдар өмірге деген қызығушылығын жоғалтады. Дәрігерлер күйзеліспен ауыратын адамдарды дәріге тәуелді болмайтын антидепрессанттарды қолдануға шақырды.

Дереккөзі:​orthodox.od.ua


Жаңалықтар