Экономика
11 қазан 09:59
Forbes әлемдегі ең үздік жұмыс беруші компаниялардың рейтингін жариялады
Forbes журналы 60 елдің 2000 ең ірі компанияларының рейтингі негізінде әлемдегі үздік жұмыс беруші компаниялардың тізімін жариялады.




Тізімнің басында былтырғы жылы көш бастаған Google-дың төркіндес компаниясы болып табылатын Alphabet холдингі тұр.

Екінші орында Microsoft корпорациясы, ал үшінші орынды Apple компаниясы иеленді.

Әлемнің ең үздік жұмыс беруші компанияларының алғашқы ондығына АҚШ-тан алты компания – тізімге Alphabet, Microsoft және Apple-ден бөлек тізімге Walt Disney (4-орын), Amazon.com (5-орын) және Celgene биотехнологиялық компаниясы (9-орын) енген.

Сонымен қатар, ТОП-10 қатарынан Гонконгтың CNOOC мұнай-газ компаниясы (6-орын), Тайландтың Kasikornbank және Германияның екі ірі автокомпаниясы − Daimler (7-орын) және BMW (10-орын) орын алды.



Дереккөзі: КорреспонденТ

Комментарии




Яндекс.Метрика