|    |  
24 сәуір 2019
12:41
қаз
Ернар Айдардың ата-анасы келіндері туралы құпияны ашты
24 қазан 2017, 16:00 3
Жақында ғана үйленіп, тойын өткізген Ернан Айдардың ата-анасы «Айта берсін» бағдарламасына сұхбат беріп, келіндері туралы сырдың шет жағасын ақтарды.



«Келінім үйде қазір. Бізге қарайды. Ернарым өзінің жұмыстарымен жүр. Кенже баламыз ғой. Бөлек шығады деп айта алмаймын. Баламыз бөлек шығамын деп те айтпайтын шығар. Келіннің ата-анамен бірге тұрғаны жақсы деп ойлаймын.  Жақын жерден, Тараздан алдық. ТарМУ-де шетел тілі мамандығы бойынша үшінші курста білім алып жатыр»-дейді әншінің анасы.

Ал әкесі болса баласының соңынан Алматыға қоныс аударатын ойы жоқ екенін жеткізді. «Тараздан Алматыға көшіп келетін ойымыз жоқ. Тараз жері қасиетті ғой. Тараз маған Алматыдан да ыстық. Таразда үш келін түсіріп, 7-8 той бердік»-дейді.
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар