|    |  
23 сәуір 2019
04:38
қаз
Ерлан Рысқали: Шендімен шекісіп қалдым
25 қазан 2017, 10:00 10
Дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали әлеуметтік желідегі парақшасына шендімен шекісіп қалған оқиғасын жазды.


 
«Бір ДӨКӨЙ ағамызбен тап-тамаша әңгіме құрып отырғанбыз. Ұлттық өнерге қатысты сөз басталғанда пікіріміз екіге айырылды. Ағамыз былай деді:

- Осы домбыра тап бүгін кімге керек?! Отырып алып бірдеңені тыңқылдатып, жыртылып айқайлап, жұртты үркітіп... Қазақшаңды ұғып жатқан жұрт бар дейсің бе?! Басқа түгілі мына мен де ұқпаймын!

- Ой, аға, бұ не дегеніңіз?! Ұлттық өнерді түсініп тереңіне бойлап, қадіріне жете білетін қазақ көп. Әңгіме адамның өзінде. Оның өресінің биіктігі мен түсінік-танымының тереңдігінде. Ақылсыз, талғамы тозған жанға екі қойыңыздың көк тиындық құны жоқ! - дегенім сол еді, ағам сөзімді бөліп шарт ете қалды.

- Сен өзіңді кіммін деп тұрсың?! Керемет ақылдысың ба? Деп біраз жерге шапты ағам. Мен сабырмен тыңдап тұрдым. "Не, мені оқытайын деп пе едің?!" - деп тоқтады.

Сосын мен жылы жымиып былай дедім.

- Кешіріңіз аға. Мен сізді оқыта алмаймын. Өйткені сіз маған лайықты шәкірт бола алмайсыз! Сондықтан ренжімеңіз, сау болыңыз - деп кете бердім. Ал ол болса жер тепкілеп, ашудан булығып, түкірігіне шашалып қала берді.

P.S: Менің ана тілімді, ұлттық өнер мен ата дәстүрімді, қасиетті дінімді қадірлеп сыйламайтын шенді мен шекпендіні, үлкені мен кішісі болсын түкіргенім бар, ұрмайды екенмін! Тап осындай топастардың кесірі қара халыққа тиіп жатыр! Алла Тағала желкелерін үзеді ғой бір күні. Мен оған шүбәсіз сенем!»-дейді әнші.

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар