|    |  
23 сәуір 2019
03:56
қаз
Ерке Есмахан сахнаға ұлын алып шықты
28 қыркүйек 2017, 09:45 15
Елдің ерке әншісі Ерке Есмахан танымал тележурналист Асхат Садырбай екеуінің ұлы Мүсілімді сахнаға алып шықты. Бұл видеосын әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған.

 
 
«Ақжайықтың ақжарқын көрермендері! Мың алғыс, жақсы көремін сіздерді! Бүгіннен бастап Муслим менімен гострольдетіп бірге жүреді біраз.  Ақтөбеден қалмай еріп шықты. Бастамасы жаман емес. Халықтың ықыласына бөленіп мәз. Түрінен білінбесе де, эмоциясының бәрі ішінде. Тұрысын-ааай! Әдейі емес, ойнап жүріп шыға салды саxнаға. Тиіспеңіздерші балаға»-деп жазған.
  
Желі қолданушылары болса «Бала бақыт қой, тастамай ертіп жүріңіз. Періште ғой, жолы ақ болсын»-деп жылы лебіздері мен ақ тілектерін білдіріп жатыр.

  

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар