|    |  
23 сәуір 2019
03:55
қаз
Ердоған Германияның Сыртқы істер министріне жауап берді
20 тамыз 2017, 21:17 5
Германияның сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль түрік өкіметін Германиядағы сайлау науқанына араласты деп айыптаған болатын. Ердоған оған Денизли қаласында сөйлеген сөзінде жауап берді деп хабарлайды Baq.kzақпарат агенттігі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.



Мұның алдында Түркия президенті Германияда тұратын түрік азаматтарын Ангела Меркель мен Социал-демократиялық партияның лидері Мартин Шульцке дауыс бермеуге шақырған болатын. Германия сыртқы істер министрі мұны елдегі сайлау науқанына өрескел қол сұғу деп бағалады

«Түркия президентіне сөйлейтіндей сен кімсің? Сен Сыртқы істер министрімен сөйлесуің керек. Орныңды біл!» деді оған Режеп Ердоған.

Сонымен қатар ол Германияда тұратын түріктерді Түркияға қарсы ұран көтеретін партияларға дауыс бермеуге шақырды.

Түркия мен Германияның қарым-қатынасы кейінгі кезде салқындап кеткен болатын. Түркиядағы конституциялық реформа алдында Германия ол реформаны қолдайтын саясаткерлердің мұндағы түріктер алдында сөйлеуіне мүмкіндік бермей қойды. Ердоған мұны нацистердің саясатымен қатар қойды. Германия канцлері Ангела Меркель мұндай салыстырудың түбірімен қате екенін айтты. Ал маусым айында Германия Ердоғанның G20 саммитінде сөйлеуіне тыйым салды.

Дереккөз: Nur.kz


Жаңалықтар