|    |  
23 сәуір 2019
04:07
қаз
Еліміздегі ең ірі кілем шығаратын фабриканың бірі өз өндірісін кеңейтті
26 қараша 2015, 17:16 8

Бүгінде «Бал Текстиль» Қазақстандағы ең ірі кілем фабрикаларының бірі болып табылады. Кәсіпорын кілемдер мен кілемше бұйымдарын «BCF», «Heat-Set» , «Frize» таңбалы синтетикалық жартылай пропиленді жіптерден қазіргі заманғы Бельгияда жасалған «MICHEL VAN DE WIELE»  құрылғысында тоқып шығарады. Өнім «Тұран», «Хан-Тәңірі», «Лидер», «Алатау», «Сарыарқа», «Барыс», «ANTIQUE IMPERIAL», «ASTANA DELUXE», «VIZION», «FRIZE», «KASHAN», «SILK» таңбаларында шығарылады. Барлық кілем бұйымдары жоғары сапа мен қолжетімді бағаға ие.

«Кілем өндірісі үшін шикізатты Түркиядан, Бангладештен, Үндістаннан, Ресейден және тағы басқа елдерден алып келеміз. Импорттаушыларға тәуелді болған тиімді емес, сондықтан біздің компания әуел бастан-ақ жартылай пропиленді жіптер шығаруды стратегиялық жоспарлаған болатын, және осы жылы «Даму» Қорының қолдауымен, біз өндірістің екінші кезеңін аяқтадық. Енді қажетті жартылай пропиленді жіптер біздің фабрикада өндірілуде, бұл бізге өнімнің бағасын 20% төмендетуге мүмкіндік береді», - дейді орындаушы директор Керимшеев Жомарт.

Жартылай пропиленді синтетикалық жіптер Францияда жасалған соңғы ағымдағы фирма «SUPERBA», Германияда жасалған «Allma Volkmann», «Oerlikon Neumag»  құрылғыларында шығарылады.

«Бал Текстиль» компаниясы «Даму» Қорымен жүзеге асырылатын жеңілдік бағдарламсының шеңберінде, жылдық  6%-бен қаржыландырылуға ие болды, нәтижесінде компания қажетті құрылғыларды сатып алды және өндірістік процесті ретке келтірді.

Фабриканың өндірістік қуаттылығы жылына 2300-5000 мың шаршы метр кілемдер мен кілемше бұйымдарынан бастап, 3000 тонна жартылай пропиленді жіптерді құрайды. Фабрикада 200 адам қызмет етеді.

Жас серпінді дамып келе жатқан компанияның үлкен жоспарлары бар және келесі жылы – еуразиялық нарықты жаулап алуды мақсат етіп отыр.

shymkent.gov.kz


Жаңалықтар