|    |  
23 сәуір 2019
04:43
қаз
Экс-кәрі қыздан құнды кеңес: кеш тұрмыс құрған журналист құпиясымен бөлісті
27 наурыз 2018, 17:50 8
«Шетелдегі қазақ балалары» атты танымал тележобаны жүргізіп, қалың көрерменге танылған журналист Жанар Байсемізова қазір психологиялық тренингтер өткізіп, жалғыз жүрген қазақ қыздарына құнды кеңестер беріп жүр. Журналист жалғыздықты қабылдап, мойынсұну керектігін айтады. Ол желідегі парақшасынап «экс-кәрі қыздан құнды кеңес» сериясымен бірнеше жазба қалдырған.


 
 «Қыздар тағы да қайталап айтамын тұрмыс құру үшін  әрекет ету қыдыру емес.
Әрекет ету  - сабырлық сақтау, тыныштықта болу.
Әрекет ету - үнсіздікте болу, өзіңді тыңдау.
Әрекет ету - адамдарға қызмет ету.
Әрекет ету - тазалану, Құдайға құлшылық жасау.
Әрекет ету - басыңдағы жағдайды қабылдау, шынайы қабылдау.
Әрекет ету - мойынсұну.
Әрекет ету - тұрмыс құрмасаң да бақытты болатыныңа сену.
Әрекет ету - жалғыздықты қабылдау, жақсы көру.
Әрекет ету - ешкімді іздемеу, аласұрмау.
Әрекет ету - менмендікті басу, тәкаппарлықтан қашу.
Әрекет ету  - аскеза...» - дейді.

Дереккөз: Reactor
 


Жаңалықтар