|    |  
27 мамыр 2019
19:27
қаз
​Чарльз ханзаданың жасырын қызы пайда болды
31 тамыз 2017, 09:42 10
1981 жылы Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ тапсырмасымен марқұм ханшайым Диананың бала туу мүмкіндігін тексеру үшін клиникалық тексеру жүргізілген.


 
Кейін ханзада Чарльздың ұрық жасушасымен ұрықтандырылған аналық жасуша жойылуы тиіс болған. Бірақ сынақты жүргізген дәрігер ұрықты өзінің әйеліне салған. Сара деп ат қойған. Кейін осы үшін қоқан-лоққы көрсетілген соң АҚШ-қа көшіп кеткен-мыс. Алғаш рет бұл оқиға туралы америкалық Globe жазды.
 
Генетикалық тұрғыдан ол қазіргі Британияның тақ мұрагерінің тұңғышы ретінде таққа таласуы мүмкін. Бірақ Сара  ел көзіне көріне бермейді. Және таққа таласы туралы да тіс жармаған.
 
Түрлі дереккөз Чарльз ханзаданың, Уильям ханзада мен Кейт ханшайымның Сарамен кездескенін жазады.
 
Ал Букингем сарайы 1981 жылы сынақтың жүргізілгенін мойындаған. Бірақ Сараға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
 
Дереккөз: КорреспонденТ


Жаңалықтар