|    |  
25 сәуір 2019
00:01
қаз
Бурак Озчивит жұбайының қызғаншақтығынан құтылу үшін ел күтпеген шешім қабылдады
25 қазан 2017, 10:58 11
Өткен аптаның соңында ресейлік теле- және радиожүргізуші, актриса, модель Виктория Боня түрік бұқаралық ақпарат құралдарының бірінші бетіне шықты.


 
Оған тележүргізушінің түріктің актері Бурак Озчивитпен байланысы себеп болған.


 
Ол Озчивиттің инстаграмдағы суретіне лайк басып, «стильді» деп пікір жазған. Ал Бурак Озчивиттің жұбайы Фахрие Эвдженнің жанкүйерлері болса ресейлік модельге дүрсе қоя беріп, одан Буракты жайына қалдыруды сұраған.


 
Бұған дейін В.Боня Бурак пен Фахриенің тойы болар қарсаңда ғашықтарды ұрыстырып қойған болатын. Оған Боняның Бурактың парақшасына жазған пікірлері себеп болған. Фахрие Буракты қызғанып, жанжал шығарған.



Бұл жолы Бурак жарын қызғандырмас үшін Викторияны инстаграмдағы парақшасынан бұғаттап тастапты.
  
Дереккөз.1news.az


Жаңалықтар