19 Октябрь
00:43
Астана: 5 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Спорт
5 қазан 09:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Бұл фиаско, бауырым!». Талғат Жайлауовтың құлаған сәті Желіде хитке айналды


4 қазанда Құрлықтық хоккей лигасында астаналық «Барыс» пен Минскінің «Динамосы» арасында өткен кездесу барысында Талғат Жайлауов келеңсіз жағдайға тап болды.

«Айып орнынан» алаңға шығып келе жатқан сәтте Жайлауовтың хоккей таяғы есікке кептеліп қалып, нәтижесінде хоккейші мұз үстіне жал етіп құлаған. Күтпеген жерден орын алған оқиғаның салдарынан спортшы қатты жарақат алуы мүмкін еді, алайда оның бағына қарай бәрі жақсы аяқталған секілді.

Қарсылас команданың Twitter-аккаунтында Талғат Жайлауовтың құлаған сәті бейнеленген видео жарияланып, оны қалжыңдап түйреп өткен жазба жарияланды. «Сіздер нағыз фиасконың қандай екенін әлі көрген жоқсыздар ғой!», - деп жазады Минскінің «Динамо» командасы осыдан біраз күн бұрын кеңінен танымал болған «Это фиаско, братан!» мемін меңзей отырып. 

Осыдан кейін Жайлауовтың құлаған сәті бейнеленген видео бірден әлеуметтік желіні шарлап кетті. 

Қалай десек те, Талғат Жайлауов осы кездесу барысында алғашқы шайбаның авторы атанып, өзінің нағыз кәсіби хоккейші екенін дәлелдеді. Алайда, «Барыс» бұл кездесуде қарсыластарына есе жіберіп, 3:2 (1:1, 1:0, 0:1, 0:0, 1:0) есебімен жеңілді.
 

Айдар ЖАНАЙ
нравится:    64
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии