|    |  
20 мамыр 2019
13:29
қаз
Брюс Уиллистің әйелі бір жасар қызын көрсетті
06 мамыр 2015, 11:20 15
Британдық актриса, фотомодель Эмма Хеминг бұқараға өзінің қызының әкесі Брюс Уиллиспен түскен суретін жұртшылыққа жария етті.
 
Танымал американдық актер осыдан бір жыл бұрын бесінші рет әке атанған болатын. Осы атаулы күнге орай, атақты актердің әйелі  Эмма Хеминг өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Брюстің бір жасары қызы Эвелин мен үш жасар Мейбел Реймен түскен суретін жариялады.

«Туған күн иесін таңертеннен сүйіп құттықтау сәті. Туған күніңмен Эвелин!»,- деп фотоға түсініктеме жазған.

Айта кету керек, 60-жастағы Брюстің  актриса Деми Мурмен некеде болған кезде туған Румер, Скаут және Талула атты тағы да үш қызы өсіп келеді.


Дереккөзі: ivona.bigmir.net
 


Жаңалықтар