|    |  
27 наурыз 2019
00:36
қаз
​Британия банктеріне ірі мөлшерде айыппұл салынды
02 желтоқсан 2016, 15:24 2

 
Сингапур билігі британдық екі банкке 5,3 млн доллар көлемінде айыппұл салды. Бұл Малайзияның 1Malaysia Development Berhad (1MDB) мемлекеттік қорына байланысты болып отыр. Қос банк осы қорлар қаржылық операциялар жүргізген ереже бұзуға жол берген.
 
Енді Британия банкінің жергілікті филиалы (Standard Chartered) 3,65 млн доллар, Coutts банкінің филиалы 1,7 млн айыппұл төлеуі тиіс.
 
Ереже бұзу фактілері Малайзия экономикасына көмек көрсету үшін құрылған 1MDB қорынан миллиард доллардан астам қаражат ұрлануына қатысты істі тергеу барысында анықталған.
 
Бұл ұрлыққа Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разактың маңайында жүрген тұлғалардың қатысы бар екені айтылуда.
 
1MDB қоры туралы іс қазір төрт елде: АҚШ, Малайзия, Сингапур мен Швейцарияда тергеліп жатыр.
 
Тергеушілер қор 2009 жылы жұмысын бастағаннан бері миллиардтаған доллар ұрланғанын мәлімдеді. Бұл қаражаттың көп бөлігі Құрама Штаттардағы активтерді сатып алуға жұмсалған болуы мүмкін. Шілдеде АҚШ Әділет министрлігі аталған активтерді бұғаттау туралы талаппен жүгінген болатын. Актіде қаражат жымқыру ісіне малайзиялық шенеуніктердің тікелей қатысы бары айтылған-ды.
 
Кейінірек Малайзия министрлерінің бірі елдің премьер-министрінің бұл іске қатысы барын растаған. Ал Наджиб Разак болса ұрлыққа қатысы жоқтығын айтып ақталуда.
 
Дереккөз: ВВС


Жаңалықтар