|    |  
24 сәуір 2019
23:56
қаз
Bloomberg: 2016 жылдың соңына дейін мұнай бағасы 50%-ға көтерілуі мүмкін
05 ақпан 2016, 11:17 1


2016 жылдың IV тоқсанында Brent маркалы мұнайдың бағасы 48 долларға, ал WTI 46 долларға бағалануы мүмкін. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.

АҚШ энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, елдегі өндірілетін мұнайың көлемі 4 тоқсанда 7%-ға немесе тәулігіне баррелі бірінші тоқсанмен салыстырғана 620 мыңға азаяды.

Sanford C. Bernstein & Co компаниясының сарапшыдарының болжауынша, Ресейдегі мұнай өндіру ісі 1,3%-ға немесе тәулігіне 150 мың баррелге қысқарады. Ал бұдан бұрын халықаралық энергетика агенттігі ОПЕК-ке мүше емес елдерде мұнай өндірісі тәулігіне 600 мың баррелге қысқаруы мүмкін екенін айтқан болатын, деп жазады  РБК.

«Сұраныстың артуы мен АҚШ-тағы шикізат өндірісінң азаюынан жыл соңына қарай нарықта баға 40-50 долларға жетеді», — деп хабарлады Bloomberg-ке Saxo Bank-тің шикізат нарығы сараптама департаментінің басшысы Уле Хансен электронды пошта арқылы.

ВР мұнай компаниясының басшысы Боб Дадли де Bloomberg Television-ға осы жылдың екінші тоқсанынан бастап мұнайдың бағасы ұсыныс пен сұраныстың тең болуына байланысты болатынын айтқан. Алайда алғашқы жарты жылдықта нарықта артық өндіріспен күресу барысында қиындықтар болады.

Дереккөзі: 7kun.kz


Жаңалықтар