|    |  
27 мамыр 2019
19:36
қаз
​Биязы және күтім жасалған қалыпқа қалай келуге болады? 10 ереже
24 наурыз 2018, 16:25 27

Бұл мақалада кез келген қыздың биязы және күтімді қалпын сақтаудағы 10 ережесі сипатталған.

Шаш
Кез келген қыз үшін сәнді шаш – оның таза болуы. Бұл бәріне де түсінікті секілді. Алайда кейбір кездері қыздардың шашын жумай жинап, резеңке таға салатын кездері болады. Бұдан арылу қажет, жиналып не түйіліп тұрса да, жуылмаған шаш байқалып тұратыны анық.

Дем
Әр қыз бала бұған тығыз кесте мен қиындық жағдайларға қарамастан аса мән беруі тиіс. Адаммен қарым-қатынас жасаған кезде бұл ең қажеттісі. Ал жинақы болғыңыз келсе, бұл міндетіңіз. Және де зиянын тигізетін әдеттерден арылғаныңыз да жөн. Бұл қыз балаға жараспайды.

Иіс
Жиі себезгі қабылдау – міндетті. Егер тер қатты бөлінсе, өте керек. Себезгіге арналған гельмен қатар, себезгіден кеінгі лосьон пайдалануды, дезодорант пайдалануды, одан кейін әтір себуді үйреніңіз.

Маникюр және педикюр
Қыздың қолына бірінші кезекте бәрі де мән беретінін естен шығармаған жөн. Дәл осы қол арқылы айналадағы адамдар қыз баланың өзіне күтімді қалай жасайтындығын көреді. Тырнақ астына кір қалдырмай, сірқабықты кесіп алып тастап, тырнақ ұзындығын егеп, қатып қалған тырнақ лагын өшірген дұрыс. Мұны әрдайым салонда жасау міндетті емес. Әр қыз бала мұны үй жағдайында да жасай алады. Педикюрге қатысты да осыны айтуға болады.

Бет
Күнде бояну міндетті емес, алайда күтім жасауда әлдеқандай заттарды ұмытпау керек. Егер теріңіз түлесе, арнайы крем жаққан дұрыс. Көз астында қарайған дақтар пайда болса, корректор пайдаланыңыз. Егер теріңіз проблемалы болса, оны емдеу қажет.

Әйел заттары
Нәзік әрі биязы көріну үшін ер адамдар кимейтін заттарды пайдалану керек. Бұлар белдемше, көйлек, өкшесі бар аяқ киім, жалпы айтқанда ер баладан қызды ажыратуға сеп болатын киімдер. Ал күтім жасалғандығы көрініп тұруы үшін дәл осы киімдерді жуып, үтіктеп киген жөн. Бұл көзге ең бірінші болып ұрынатын белгілер.

Аксессуарлар
Яғни бұл қап тәрізді рюкзак орнына, нәзік сөмкені пайдалану. Болмаса мойын орамалы, қолға тағатын түрлі
білезіктер, сырға мен алқалар болуы да мүмкін. Яғни ер адамның пайдаланбайтын нәрселері. Бұл әр қызды нәзік қып көрсетері анық. Және де қыз бала бірден өз бейнесін жасап алуы тиіс.

Жүріс-тұрысы және қарауы
Бұл қыз баланың бір нәрсені әңгімелеп жатқан кездегі өзін-өзі ұстауы. Егер биязы көрінгіңіз келсе, өзіңізді байсалды көрсетіңіз. Қадала қарау, түйілген қабақтар – бұл тек қана ұл балаларға тиесілі. Өзіне күтім жасауға талпынған әр қыз бала бұл қылықтардан арылуы тиіс. Қыздар байсалды, ашық түрде қарап, жеңіл түрде көзін жыпылықтатуы тиіс. Және де әр атрибуттың міндетті белгісі – жымиып күлу.

Сымбат
Бүкірлік – көптеген қыздардың проблемасы. Арқаның тік әрі түзу болуы – өте әдемі және биязылық. Сондықтан бұл тақырыптақандай да бір күрделі проблема туса, оның түзеу қажет. Бұған ерік-жігер мен байқампаздық, болмаса спорттық секциялар көмекке келе алады.

Бой ұсынушылық
Бұл ер адаммен сөз таластырмау қабілеті. Егер қыз бала әрдайым өз ойын айтып, ер адаммен сөз таластырып отырса, ол биязылық ауылынан алыс деген сөз. Бұл ер адамдармен сөйлесу кезіндегі нәзіктік пен жұмсақтыққа қарама-қарсы қасиет.

Дереккөзі:zhenskoeschastie.com


Жаңалықтар