|    |  
26 наурыз 2019
09:59
қаз
Бетіңіздің ажарлануына септігін тигізетін жаттығулар
04 қараша 2017, 13:39 9
Артық салмақ және ерте қартаю бет терісінің әдемілігін жоятыны белгілі. Бет терісінің иегі мен көлемі бет бұлшық етінің қаншалықты жақсы екеніне байланысты болады. Бет бұлшық еттерін үндестіріп, жас әрі ажарлы болып көріну үшін аптасына кем дегенде 3 рет дұрыс әрі тиімді жаттығу жасап тұру қажет. Біз сіздерге дәрігердің көмегінсіз оңай және тез жасалынатын жаттығулар түрін назарларыңызға ұсынамыз.



Бет бұлшық етін жаттықтыру

Жасаған әр жаттығуыңыз кері кетпесін десеңіз, бет терісінің бұлшық еттерін жаттығуға үйретіп, біраз сергітіп алу қажет.

Алдымен, тіке әрі басыңызды көтеріп отырыңыз. Кейін («а», «о», «и», «э») әріптерін барынша дауыстап анық бетіңізді созыңқырап айтуға тырысыңыз. Жаттығуды мейлінше бет теріңіз ауырлықты сезінгенше жасағаныңыз жөн.



Мойын және иек

Үстелге тіке отырып, басыңызды алға қарай тартыңыз. Кейін астыңғы ерініңізді барынша жоғары қарай тартып, 5-10 секунд тұрыңыз. Осылай 20 рет жасасаңыз болады. Бұл жаттығу сіздің бет бұлшық етіңіздің қатаюына сондай-ақ, иектегі артық майдың кетуіне көмектеседі.



Терең дем алыңыз

Бұл жаттығу кезінде сіз өзіңізді қолыңыздың көмегімен тартуыңыз қажет. Кейіннен жаймен мойыныңызды жоғарыға көтеріңіз. Бұл жерде кеудеңізді тіке ұстауыңыз қажет. Дұрыс отырғаныңызды түсінгеннен кейін терең демалып, ішіңізден 10-15 рет санаңыз. Кейін қайтадан өз қалпыңызға отырыңыз. Бұл жаттығудың көмегімен сіз үлкен жетістікке жете аласыз.



Басыңызды қимылдатыңыз

Бұл жаттығу бет терісінің бұлшық етіне және бетіңіздің формасын келтіруге көмектеседі.

Алдымен, басыңызды оң жаққа бұра отырып, құлағыңызды иыққа қарай тартыңыз. Оңнан солға мойыныңызды тарта отырып, 10 секунд жасаңыз. Кемінде жаттығуды 5 реттен жасау қажет.



Ауа толтыру

Терең дем алып, ауызыңызды ауаға толтырыңыз. Ауаны толтырғаннан кейін қолыңызды бетіңізге қойып, ауаны қолыңызбен басып шығарыңыз. Бұл жаттығуды теледидар көріп отырып немесе кітап оқып отырып жасай беруге болады. Күніне 5-6 рет қайталап жасаңыз,нәтижесі болады.



Ерін мен бет терісі

Үстіңгі және астыңғы ерініңізді тісіңіздің үстіне қойып тартыңыз. Астынғы ерініңіз алға, ал үстіңгі ерініңіз артқа кетуі қажет. Бұл жаттығу бетіңіздің формасын шығаруға және иегіңіздің тартылуына көмектеседі. Күніне 10 реттен қайталап тұрыңыз.



Иекке қолыңызды қойыңыз

Соңғы ауыр жаттығудың бірі бұл мойындағы артық майдың кетуіне мүмкіндік береді.

Екі қолыңызды жұдырықтап, иегіңізге тұрыңыз және тіліңіздің тісіңізге тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз. Иегіңізді тартып, 30 секунд ұстап тұрыңыз. 5 минут демалып, 10 рет қайтадан қайталаңыз.

http://zhasatyrau.kz


Жаңалықтар