|    |  
24 сәуір 2019
04:37
қаз
​Баланың мінез-құлқындағы елемеуге болмайтын 6 белгі
23 наурыз 2018, 11:52 9

Егер бала  тұйық бола түссе немесе үй тапсырмасына жіті назар аудара алмайтын болса, онда бұл оның себебін түсінуге тырысуға түрткі болуы тиіс. Кейде олар барынша күрделі болуы да ықтимал.

Орташа есеппен алғанда оқушылардың 10 пайызы жеңіл-желпі ауытқудан бастап, айтарлықтай проблемалық психологиялық түрлі  қынжылысқа тап болып жатады. Бұл әрбір сыныпта шамамен үш адамнан деген сөз. Кейде бұл әдеттегі жас ерекшеліктеріне қатысты болып, уақыт өте қалыпқа түсіп жатады. Дегенмен, осынау алаңдатарлық жайттарға кейде назар аудармаса тағы да болмайды.

Қалай болғанда да сіздің көрегенділігіңіз, ибалылығыңызбен қатар немен бетпе-бет келіп отырғаныңызды жан-жақты түсіну үшін маман көмегіне жүгіну де аса қажет.

Назар аудару қажет белгілер мыналар:

1. КӨҢІЛ-КҮЙДІҢ ӨЗГЕРІСКЕ ҰШЫРАУЫ
Бала кірпияздығы өте дұрыс та, ол күннен күнге ауысып отырады. Бірақ, егер бала үнемі жабырқаулы немесе алаңдаулы болса, ұзақ уақыт бірдеңеден қорықса, онда бұл мән-жайды анықтауды қажет ететін себеп. Кейде себеп оның мектептегі қоршаған ортасынан да шығып жатады және бұл басты проблеманы анықтау арқылы шешуге болады.

2. ҰЙҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
Ұйқымен байланысты проблемалар балалар мен жасөспірімдер арасында жас өзгерістеріне байланысты кеңінен тараған. Дегенмен, басқа да белгілері бар ұзаққа созылған ұйқысыздық алаңдаушылық тудыруы тиіс.

3. ЖИНАҚЫ БОЛУҒА ҚАБІЛЕТСІЗДІК
Төменгі сыныпта оқитын елгезек баладан жинақы болуды талап ету мүмкін емес. Алайда ол тіпті үйде де қысқа уақытта әрі жайлы жағдайда үй тапсырмасын орындауға жинақылық танытуға қабілетсіз болса, онда мұндай жайтқа да назар аударған жөн. Айта кетерлігі, мұндай кезде жазалау немесе ұрысудың еш пайдасы жоқ.

4. ТӘБЕТІНІҢ БҰЗЫЛУЫ
Бірден салмақ жоғалту немесе тез арада салмақ қосу баланың ас қорыту жүйесінің бұзылуын білдіруі мүмкін. Мектеп асханасындағы дәмсіз тамақтан бастап күйзелістің өзі тәбетке қатты әсер етеді.

5. ӨЗІНЕ ЗИЯН КЕЛТІРУГЕ НИЕТТІҢ БОЛУЫ
Өзін өзі шымшылау, тырнақтарын тістеу, ернін жымқыру, тіпті еркінен тыс кіші дәретке отырып қою – мұның барлығы да өз-өзіне зиян келтіру түрлері. Баланың дәл осындай жүйке мінез-құлқына түрткі болатын себепті анықтау қажет.

6. ЗАТТАРДЫ АСЫРА ПАЙДАЛАНУ
Әңгіме кішкентай балалардан гөр жасөспірімдер жайында болып отыр, дегенмен олардың арасында да кездесіп жатады. Эксперимент есеюдің белгісі болуы мүмкін. Бірақ, жүйкенің бұзылуы мен асыра пайдалану  әр уақытта да қатар жүреді.
Егерде жасөспірім балаңыз есірткі затын пайдаланбаса да оның ішімдікке, темекі мен дәрілік заттар қарым-қатынасына назар аударыңыз.


НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

1. Баламен ашық, достық пейілде және жағдайын түсіне отырып сөйлесіңіз. Мұқият, сөзін бөлмей тыңдаңыз және дауласпаңыз. Еш уақытта да оның проблемасының түкке тұрмайтындығын айтып, түсіндіруге тырыспаңыз. Ол үшін аталған проблемалар үлкен көрінеді. Оған құрметпен қараңыз.
2. Сіздің де, баланың да көңілінен шығатын проблеманы шешудің жолын бірге таңдаңыз. Иә, баланы басқа мектепке ауыстырудың әуресі көп болуы, ал мектеп бұзақыларымен немесе мұғалімдермен  проблеманы шешуге тырысу шама жетпес жұмыс көрінуі мүмкін. Бірақ, ол сіздің балаңыз және ол сізден басқа ешкімнен де көмек сұрай алмайды.
3. Балаңызға берген уәдені міндетті түрде орындаңыз.
4. Егер осыдан кейін де баланың жағдайы жақсармаса, онда маманның көмегіне жүгіну қажет.
5. Егер өзін алаңдататын жайтты түсіндіріп беруге қиналатын болса, онда маман көмегін алу керек.
6. Қалай болғанда да таныстарыңыз кеңес берген не болмаса өзіңіз ғаламтордан тауып алған дәрі-дәрмекті қолданбаңыз. Дәрігер тағайындаған барлық ем шараларын екі тараптың мамандарынан тексертіп алыңыз.

Дереккөзі: .goodhouse.ru
 


Жаңалықтар