|    |  
18 ақпан 2019
02:15
қаз
Бақытты болудың басты 5 қағидасы
18 қаңтар 2019, 12:10 263
Бақытты болу барлық адамның қолынан келмейді. Егер ақшасы, сүйіктісі, жұмысы, денсаулығы, үйі мен басқа игіліктері болмаса әйел қалай бақытты болады? Бақыттың 5 қағидасын назарларыңызға ұсынамыз.


 
№ 1 ереже 
Уақытты бос өткізу зор мүмкіндіктерді жоғалтуға итермелейді. Егер бақытты болғыңыз келсе қозғалыңыз. Қимылдаңыз, еңбек етіңіз. Ерініп жатпаңыз. Уақытыңызбен бірге мүмкіндіктеріңізді жоғалтпаңыз. Қызықты ісіңізді іздеп, өзіңізді дамытыңыз.

№ 2 ереже
Ашу мен жеккөрушілің сізді ішіңізден құртатын қасиеттер. Қиындықтар өздігінен кетпейді. Оның себептері мен салдарларын анықтау керек. Ішіңізге, жүрегіңізге үңіліңіз. Сізге кесірін тигізетін адамдардан іргеңізді аулақ салыңыз.
 
№ 3 ереже
Егер сіз үнемі өзіңізді аяп, бақытсыз күй кешіп жүрсеңіз өз-өзіңізді жеп тауысасыз. Өз-өзіңізді қолға алып, қимылдаңыз. Фтинес орталыққа жазылыңыз. Бассейнге барыңыз. Ерікті-еріксіз түрде сіздің көңіліңіз өзге дүниелерге бөлінеді. Сол кезде түпсанаңыз мәселенің шешімін табады.

№ 4 ереже
Сіздің көңіл-күйіңіз айналаңыздағы адамдарға да әсер етеді. Сондықтан өз көңіліңізді өзіңіз көтеріңіз. Құрбыларыңызды, достарыңызды құшақтаңыз. Бұл сізді мейірімді ете түседі.
 
№ 5 ереже
Жалғыздық бақытсыздық емес. Сүйіктіңіз болмаса да бақытты әйел болуды үйреніңіз. Кез келген жағдайдан позитив іздеңіз. Еркіндіктің рахатын көріңіз.
 
Дереккөз: Сегодня


Жаңалықтар