|    |  
26 наурыз 2019
20:35
қаз
Айға туристік сапарлар 5 жылдан кейін басталады
23 ақпан 2017, 19:17 3


2021-2022 жылдардан бастап ғарышқа сапар шегуге ниет білдіруші туристер «Союз» ғарыш кемесімен Айды айналып шығуға қол жеткізетін болады, деп мәлімдеді «Энергия» ракеталық-ғарыш корпорациясының басшысы Владимир Солнцев РИА Новости басылымына берген сұхбатында.

«Аталған жылдары «Энергия» РҒК халықаралық деңгейде алғаш рет ғарышға туристік сапарды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Туристер Айды айналып ұшу құрметіне ие болмақ», - дейді Солнцев.

Ғарышқа саяхат жасау үшін қойылатын талап - туристермен келісім-шарт жасалған соң, ұшуға дейін кемінде 5 жыл өтуі тиіс.

Қазіргі уақытта корпорация туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғарыш кемелерін жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.


Дереккөзі: РИА Новости
 


Жаңалықтар