|    |  
21 сәуір 2019
12:41
қаз
Әйелдерге арналған ең жақсы дәрумендер
26 наурыз 2018, 09:29 61
Әйелдердің денсаулығы дұрыс тамақтану мен кешенді дәрумендер қабылдау негізінде қалыптасатыны айқын, ендеше ағзаға қандай дәрумендер пайдалы? Жыл мезгілдерінің ауысуы адам ағзасына түрлі өзгерістер әкелетіні де рас. Қыстың кезінде дәруменнің жетіспеушілігі сыртқы түр-келбеттен көрінеді, бұл шаштың құрғауы немесе түсуі, үнемі шаршаңқылық белгісі. Мұндай белгілермен ағзаны сәйкес дәрумендерге толтыру арқылы күресуге әбден болады.



«Қандай дәрумендер пайдалы?» деген сауалға жауап бере отырып, әдемілік пен сыр-сымбатты сақтайтындары деп жауап бере аламыз. Бала кезден аналар балаларын дәруменді тағамдармен қоректенуге үйрете бастайды. Алайда бала көбіне мұны тыңдай бермейтіні де белгілі. Есейе келе, сол дәрумендердің пайдалы екенін түсіне бастайсың.

А дәруменінің пайдасы
А дәрумені әйелдер үшін ең жақсы дәрумендердің бірі болып табылады. Бұл дәрумен теріге жақсы әсер етеді, оның созылыңқы, шымыр, тегіс болуын қамтамасыз етеді. Көздің көру қабілетін бұл дәруменсіз елестету мүмкін емес, сондықтан көзі нашар көретін адамдар үшін өте пайдалы. Иммунитет жағдайы да осы дәруменге тікелей тәуелді. Ағза жеткілікті мөлшерде А дәруменін қабылдауы үшін көк шөп пен етті көбірек тұтынғаны абзал. Сонымен қатар бұл дәруменнің көп мөлшері шикі сәбізде, бауырда, балықта, жұмыртқа мен сүт өнімдерінде бар.

В дәруменінің пайдасы
А дәруменімен қатарласа В дәрумені орналасқан. В дәрумендер тобы – әйелдерге арналған ең пайдалы дәрумендердің тобы, олардың қатысуымен ағзаның күш-қуаты молаяды. Ұйқының қалыптылығын қамтамасыз етеді, күйзелісті жеңуге көмектеседі. Сыртқы келбеттің қалыпты болуы көп жағдайда дәл осы В дәруменіне де байланысты. Осы дәрумен арқылы адам денеге күш түскенде жеңе алады, түрлі вирустық аурулармен күресе алады. Жүйке жүйесінің қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Адам В дәруменін келесідей тағамдарды тұтына отырып, қабылдай алады – бауыр, түрлі ет, балық, бұршақ, сүт өнімдері және дәнді дақылдар, жұмыртқа, жасыл түсті көкөністер.

В дәрумендер тобы – әйелдер үшін ең пайдалы дәрумендер, оның қатысуы арқылы ағзаның күш-қуаты молайып, жақсы жұмыс жасайды.

С дәруменінің пайдасы
С дәрумені адам терісінің саулығы үшін коллагеннің көзі саналады. Ол радикалдармен белсенді күрес жүргізу арқылы қартаю процесін баяулатады. Ағзада С дәрумені болмаған кезде суық ти ауруларын тиімді емдеу мүмкін емес. Мықты иммунитет және ұзақ өмір сүру – бұл аталған дәруменнің  шынайы серіктері. C дәруменінің көп мөлшерін  цитрус жемістерінен және шикі көкөністерден жинауға болады. Денеге күтім жасауға арналған косметикалық құралдарда да С дәрумені көптеп кездеседі.

D дәруменінің пайдасы
Терінің жай-күйіне қамқорлық жасап, оның ылғалдылығына жауап беретін тағы бір орнын өзге баса алмайтын дәруменнің бірі – D. Адам сүйегі D дәрумені арқылы кальциймен байытылып, остеопороз сынды аурудың дамуына тосқауыл бола алады. Әйелдердің етеккірі циклі кезіндегі ауырсынуларды төмендетеді. Бұл дәрумен балық майында өте көп болады. Сонымен қатар ет, балық және жұмыртқада да бар.

Е дәруменінің пайдасы
Әйелдер үшін ең үздік дәрумендер тобының құрамына енетін Е дәруменінің артықшылығы мен пайдасы жайында сұраудың да қажеті шамалы. Бұл компонент адам терісінің жай-күйіне жауап беретін барлық дәрумендермен іргелес және тамаша үйлеседі. Бұл дәрумен ағзаның қартаюы мен сіңірілуі, ультра күлгін сәулеленудің әсерінен қорғау қызметтерін орындайтын жасушалардың өсуін ынталандыру және олардың жаңаруы сияқты бірқатар маңызды процестерге қатысады. Е дәрумені антиоксиданттың ерекше қасиеттері арқылы білінеді. Ағзаны жеткілікті E дәруменімен қамтамасыз ету үшін өсімдік майы, астық дақылдары мен жаңғақты көп жеу керек.

F дәруменінің пайдасы
Бұл дәруменге әйелдердің айрықша сүйіспеншілігі оған сұлулық дәрумені деген атауды белгілеп беріп отыр. F дәрумені арқылы ағзадағы майлар ыдырайды. Ол шаш пен терінің жай-күйіне жауап береді. Сондықтан оны косметологияда пайдаланады. Өсімдік майлары бұл дәруменге өте бай.

Н дәруменінің пайдасы
Н дәруменінің пайдасы көп болмаса да, оның орнын басқа дәрумен баса алмайтыны анық. Бұл дәруменнің құрамындағы күкірт қоспасы тері, шаш және тырнақ саулығына оң әсерін тигізеді. Н дәруменін бауыр, күріш, ұн өнімдері, жаңғақ және саңырауқұлақтан алуға болады.

Азық-түлік өнімдеріндегі дәрумендер кешенінің мазмұнымен танысу арқылы әйелдерге қандай дәруменнің жақсы екендігі туралы сауалды мұнан кейін қоймасаңыз да болады.

Дереккөз: http://www.zhenskoeschastie.com


Жаңалықтар