|    |  
24 сәуір 2019
23:48
қаз
​Айдана Меденова жолдасының алғашқы жұбайы туралы айтты
24 қазан 2017, 16:59 18
Әнші Айдана Меденованы тоқал деп, сыртынан сөз таратушылар көп. Иә, Айдана продюсер Әлішер Нұржановтың екінші жары.


 
Бірақ Айдана Әлішерді отбасынан айырып әкетпеген. Әлішер бірінші жарымен ажырасып, екі жыл өткеннен кейін ғана Айдананы жолықтырған. Әлішердің алғашқы некесінен екі ұлы бар. Бәйбішесі мен Айданадан туған балалары бір-бірімен араласып тұрады екен. Отбасы төңірегінде жел сөз көбейгеннен кейін жас әнші өзіне қатысты бар шындықты айтуға бекініпті. Әнші бар шындығын «Ревю» бағдарламасында айтты.
 
«Олар мектепте оқығаннан кейін бір-ақ демалысы бар. Күні бойы мектепте болатындықтан бір жұмада бір рет кездесуге тырысамыз. Әлішердің бұрынғы жұбайының өз отбасы бар. Жақында өзі балалы болады. Танимын енді. Әлішер балаларын тастап кетпейді ғой. Оның ешқашан да ондай ойы болмаған. Мүмкін сол қасиеті де маған ұнаған шығар. Өз балаларына қамқор"-дейді әнші.


 
Дереккөз: Reactor
 
 
 


Жаңалықтар