|    |  
16 желтоқсан 2018
02:10
қаз
Автосервисте кездесетін үлкен қателіктер
05 наурыз, 15:04 110
Техникалық қызмет көрсету кезінде кейбір уақыт тәртібіндегі жұмыстардан алыс кете алмайсыз. Көлік иесіне жоспарлы тексеруден өткеннен кейінгі ұсынылатын қосымша жұмыстар делдалдық қызметтерге айтарлықтай кіріс алып келеді. Қызметтер нарығындағы заң осындай. Бұл жұмыстардың әрқайсысының зияны шамалы, бірақ олардың тигізетін пайдасы да айтарлықтай көп емес. Бұл жағдайда не істеу керек, болмаса мүлде бас тарту қажеттілігі бар ма?



Ауа ағынының сенсорын тазалау 



Бұл қызмет — олардың ішіндегі ең қажетсізі. Делдалдар ауа ағынының шығындалу сенсорын тазалауды ұсынады. Кейде өзара «маф» деп атайды, MAF түсінігі ағылшын аббревиатурасы негізінде қалыптасып кеткен. Олардың айтуына қарағанда, цилиндрлердегі отындық ауа қоспасы құрамы теріс әсер ететіндіктен, оның бөлшектерінде қоқыс жиналады. Сенсор ауа ағыны туралы теріс ақпарат береді, нәтижесінде басқару блогы отынның қажетті мөлшерін дұрыс есептемейді. Осы жерден динамика төмендеп, отынның шығыны жоғарылайды. Шындығында, 15 мың шақырымнан кейін де щаң пайда болып, жанама түрде бір нәрсеге әсер етуі әбден мүмкін. Бірақ іс жүзінде сенсор ішкі ақаулықтың салдарынан, болмаса оның қуысына қандай да бір заттың түсуінен істен шыққан кезде ғана мәселе туындайды. Сондай-ақ кейбір құрылымдардың «мафын» (мысалы жұқа қабығы бар) керісінше, арнайы тазалау құралдарын пайдалану арқылы да жоюға болады. Тазалаудың пайдасыздығы диагностикалық құрал-жабдықтардың көмегімен істі бастағанға дейінгі және кейінгі қозғалтқыштың жұмысын салыстыру арқылы тексерілді.

Инжекторды жуу 



Отын бүрку қондырғыларын жуу негізінен пайдалы, бірақ оны да жағдайға қарай жасап отыру қажет. Егер мотор біркелкі жұмыс істеп тұрса және ақаулықтың қандай да бір белгілері байқалмаса, инжекторды жуу бос әурешілік. Әрине, бұл қызметті ақаулықтың алдын алу үшін немесе көңілді жұбату үшін жасауыңызға да болады, алайда бұл тек қана психологиялық сәт. Көбіне бұл қызметті төртінші техникалық қызмет көрсетуден кейін, болмаса 60 мың шақырым қашықтықты жүріп өткеннен кейін ұсынып жатады. Түсіндіру жұмыстары тура «маф» қызметін түсіндіргенмен бірдей. Шығар кезде отын шығынын азайту және алғашқы кездегі динамикаға оралу уәде етіледі. Құбылмалы және CHECK ENGINE индикациясының пайда болуына әкеп соқтырмайтын, түзетуге келмейтін дүниелер болса, инжекторды жуу тиімсіз. Егер көлікте бүрку жүйесі орнатылған болса, сұйықтық бүріккішпен қатар күйе болған клапандарды да тазалап шығады.

Кондиционерді қайта толтыру 



Ережеге сәйкес мұндай жұмысты көліктің пайдалануға бергеннен кейінгі екі жыл өткен соң ұсынады. Мұның қажеттілігі көлік кондиционерлеу жүйесінің (К/Ж) 100% ауадан тұрмайтындығымен түсіндіріледі. Түтіктердің икемді байланысуы арқылы уақыт өте келе фреон (оның мөлшері жүйенің өнімділігіне әсер етеді) бөлінеді, оған ұзақ жұмыс үшін қажетті болып есептелетін еріген компрессорлық май қосылады. Қалған сандық мөлшерін бақылау үшін арнайы станцияны қосып, жүйенің толық қайта жандануына мүмкіндік беру қажет. Фреон жеткілікті болса да, қызмет үшін қомақты қаражат төлеуге тура келеді. Қызмет көрсету орталықтары жұмысшыларының түсініктемелері шындықпен жанасады, алайда бір ерекшелігі бар екені анық. Қызмет көрсетудің қысқа уақытының ішінде жүйеден шығатын фреондар саны мардымсыз болады. Қозғалтқыштың жылу алмастырғышының алдында тұрған кондиционердің сыртқы радиаторы шаң-тозаңға толады. Дәл осы жағдай көбіне тиімділікті төмендетеді. Радиаторларды жуу негізінен оларды алып тастау дегенді білдіреді, ал мұның алдында фреонды сорып алу қажет болады. Міне, дәл осы кезде жүйені қайта толтыруға әбден болады.

Кондиционерді антибактериялды өңдеу 



Бұл жұмыс алдыңғысымен бірге ұсынылады. Бактериялар плитаға салынған жүйенің ішкі радиаторының бетіне жиналады. Ылғал бар кезде бактериялар белсенді өседі, нәтижесінде жылу алмастырғыш арқылы өтетін ауаны ластайды. Өңдеу қызметі алаяқтарды жеңуді уәде етеді. Бұл жердегі қабылдаушы маманның түсіндірмесі – бүкпесіз шындық. Бірақ өңдеуді жүргізетін негізгі құралдар мұндай жағдайда тиімді емес. Көлік иесі арнайы аэрозоль немесе көбікті баллон сатып алып, дәл солай істей алады. Бір қуантатыны, қазір таңдау өте жақсы деңгейге жеткен. Жапсырмасында қолданылу шарттары толықтай баяндалған. Қызмет көрсету орталықтарында премиялық модельдер үшін толық әрі тиімді құрал-жабдық ұсынады, бірақ бағасы да сәйкесінше. Дегенмен К/Ж  жұмысы кезінде көлік иесінің салоннан жағымсыз иісті сезінетіндігін ескерсек, оның қолданылуы өзекті деп қарауға болады.

Көліктің астын және шетін коррозияға қарсы өңдеу



Ешкім де автокөліктің төменгі бөлігіндегі зауыттың коррозияға қарсы қабатының сыдырылуы немесе астындағы көлік қабырғаларының бүлінуі секілді сызаттардан қашып құтыла алмасы белгілі. Иә, сыртқы бетін өңдеуді кейінге қалдыра беруге болмас. Тек мұны әр адам жеке өзі істеуі  қажет, болмаса арнайы қызмет көрсету орталығына жүгінген жөн. Ол жерде қол жетімді ақшаға пайдалы жұмыстардың толық кешенін ұсынуы мүмкін. Ал делдал қымбат сомаға бүлінген жерлерді тез кебетін сұйықтығы бар баллонмен бүркуді ғана біледі!

Дереккөз: http://avtovod.org.ua


Жаңалықтар