|    |  
19 сәуір 2019
22:41
қаз
Австралия саясаткері наразылық белгісі ретінде жұмысқа бурка киіп келді
18 тамыз 2017, 11:23 8


Австралия сенаторы, «Бір ұлт» оңшыл партиясының көшбасшысы Полина Хансон бейсенбі, 17 тамызда жұмысқа бурка киіп келді. Саясаткер мұсылман әйелдерге аяқ-қолдарын жауып киінуге тыйым салу жөніндегі кампания шеңберінде өзінің көзқарасын осылайша білдіргісі келген. Оның бұл қылығы үкімет және мұсылмандар қауымы тарапынан үлкен сынға ұшырады.
 
Хансон сенаттағы өз орнында 20 минуттай уақыт буркамен бүркеніп отырғаннан кейін оны шешіп тастады, деп хабарлайды Reuters. Содан кейін сенатор ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан мұндай киімдерді көпшілік алдына киіп шығуға тыйым салуға шақырып, сөз сөйледі. «Мен үстімнен мұндай киімді шешіп тастағаным үшін өзімді шексіз бақытты сезінемін, себебі бұл парламентте орынсыз болар еді», - деп мәлімдеді ол өз әріптестеріне.



«Егер кімде-кім балаклава (немесе шаңғы маскасы – көзге, ауызға немесе бетке арнайы тесік қалдырып, басты, маңдайды және бетті жауып тұратын тоқылған бас киім немесе шлем киіп алып банкке немесе басқа ғимаратқа кіретін болса, тез арада ол жерден шығарылуы тиіс. Мұндай жайт неге бастан-аяқ бүркеніп алғандарға неге қолданылмасқа?» - деп сұрады «Бір ұлт» партиясының көшбасшысы.
Австралияның бас прокуроры Джордж Брандис Хансонның бұл қылығын қатты сынға алып, оның бұл әрекеті өзіне кері ықпалын тигізуі мүмкін екендігін ескертті. «Сіздің имлам дінін ұстанбайтыныңызды біз бәріміз жақсы білеміз. Мен басқа австралиялықтардың діни сенімдеріне қатысты кемсітіп қорлауда аса сақ болуыңызға кеңес берер едім», - деді ол.

Виктория штаты Ислам кеңесінің вице-президенті Адель Салман Хансонның әрекетін «оның қызметтік лауазымын келеке ету» деп атады. «Бұл көңіл қалдырарлық іс,бірақ еш таңдандырмайды, себебі ол ислам дінін қайта-қайта кемсітеді», - деді мұсылмандық орган басшысының орынбасары.

Хансон партиясын қазіргі құрамда төрт сенатор құрайды. Бұл «Бір ұлт» партиясының парламентте даулы бастамаларға дауыс беруге ықпал етуге мүмкіндік береді. Хансон саясатқа алғаш рет 1990-жылдары араласып, Азиядан көші-қон мен босқындарға қарсы түбегейлі қарсылық көрсету бастамасын көтерген болатын. Сонғы жылдары сенатор ислам дініндегі әйелдердің киімдеріне және мешітер салуға қарсы кампанияны жүргізуде.

Бурка –көзге арналған тесігі жұқа торлы матамен жабылған және бүкіл денені жауып тұратын әйелдерге арналған киім. Бурканы кейбір ислам елдерінде пайдаланады.


Дереккөзі: https://www.newsru.com


Жаңалықтар