|    |  
19 сәуір 2019
23:10
қаз
​Ащы шоколад – ең күшті май ерітуші құрал
19 ақпан 2018, 14:40 11

Тәттісіз шай ішу кейбіреулер үшін мүмкін емес жағдай. Иә, мұндай қыз-келіншектер арамызда бар. Қанттың адам денсаулығына зияны да бар екенін біле тұра одан бас тарта алмаймыз. Дегенмен, тәттіні жеудің өзіндік шегі мен қалпы барын ұмытпау керек. Өйткені тәттілер – фигураның қас жауы.


Тәттіге құмар болсаңыз…

Бұл құмарлықты басу үшін сіз биологиялық тұрғыдан да, психологиялық жағынан да дайын болуыңыз керек. Бір аптадан кейін тәттіге құмарлығыңыздың басылып, ішкі жан дүниеңіздің де емделгенін байқайсыз. Ол үшін сізге физикалық жаттығулармен айнылысып, ағзаны оттегімен байытуға тура келеді. Сонымен қатар, таза ауада серуендеудің де пайдасы зор. Осылай әркет еткенде ғана тамақтануды ойыңыздан шығарасыз деуге болады. Бірақ та бұлайша бірден тәтті жемей қою сіз үшін қиындық тудыратын болса оның орнын ащы шоколад жеу арқылы толтыра аласыз. Себебі ащы шоколадтың құрамы 72 пайыз табиғи какаодан тұрады, сонысымен пайдалы. Сондай-ақ, қара шоколадтан сіз РР, Е дәрумендері мен кальций, калий, магний, натрий, темір, фосфор сынды элементтерді де ала аласыз.

Қара ащы шоколадтың 100 грамында:

6,2 г ақуыз

35,4 г майлар

48,2 г көмірсулар

0,8 г су бар.

Ащы шоколад – ең күшті май ерітуші құрал. Егер де шоколадты шектеп, ақылмен жейтін болсаңыз пайдасын сезінесіз. Ащы шоколад құрамындағы көмірсулар ағзаға түскеннен кейін тез бөлшектеніп, таралып кетеді. Міне, мұндайда адамның жұмыс істеуге деген құлшынысы арта бастайды. Бұдан бөлек ащы шоколад ерте қартаюдың алдын алатын кереметтей қасиетке ие. Құрамындағы антиоксиданттардың арқасында ащы шоколад клеткалардың қартаюын тежеп, жүрек жұмысын жақсартады. Осындай қасиеттерімен бағаланатын ащы шоколадты тәттілердің орнына жеу өте орынды деп айта аламыз.

Тәттіден бас тартудың жолдары:

Алдымен тамақтану режимін ауыстырыңыз. Мәселен күніне 5-6 рет тамақтансаңыз болады.
Көбірек су ішіңіз. Оның ішінде жеміс-жидектерден жасалған сусындар, ыстық шай, компоттар болуы керек.
Тәтті күлшелер мен кекстерді кептірілген жемістермен алмастыру керек. Бірақ жасанды тәттілермен алмастырудың қажеті жоқ.
Жалпы тәттіге құмарлықты, ерекше қалауды басуға 10 минут уақыт жеткілікті болады. Осындай кезде сіз 10 минут бойы құрбыңызбен, анаңызбен сөйлессеңіз, тәттіні ұмытасыз. Сөйлесу барысында тәттіні ауызға салмаңыз. Мұндайда сіз бір ыдысқа тиын салып отырыңыз. Сонда айдың аяғына дейін қанша ақша жинайтыныңызды көресіз. Әр тәттіден бас тартқан сайын ыдысқа тиын салып отырсаңыз, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады.
Физикалық жаттығулар, фитнеспен шұғылдану тәттіден бас тартуға көмектесетін ең күшті құралдар. Күнделікті жаяу жүрудің өзі жақсы көмекші бола алады. Сол себепті де барлығы да өз қолыңызда. Тек сол мақсатқа жетемін деген қалауыңыз болса жеткілікті.

Дереккөз: http://ernur.kz/diyetalar/ashchy-shokolad-yen-kushti-may-yeritushi-kural


Жаңалықтар