22 Июнь
09:17
Астана: 21 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 341.18
EUR/KZT: 392.97
RUB/KZT: 5.34
CNY/KZT: 52.50
Туризм
25 ақпан 10:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әр елдің салты басқа: туристерді таң қалдыратын қызықты заңдар
Жер бетінде белгілі бір нәрселерге тыйым салмайтын ел жоқ. Кейде соның ішінде қызықтылары да кездесіп жатады. Сонымен қай елде неге тыйым салынғанына бірге шолу жасайық.

Егер Сіз шет елдерге саяхаттауды жоспарлап отырған болсаңыз, қай елде неге тыйым салынатынын білгеніңіз абзал.

Аустралия


Жексенбі күні түстен кейін қоғамдық орындарда қылғылт түсті шалбар киіп жүруге тыйым салынады.
Күйіп кеткен шамдарды алмастыруға әрекеттенбеңіз. Себебі бұл елде мұндай құқық тек білікті мамандарға тиесілі. Әйтпесе айыппұл төлеуге мәжбүр боласыз.
 

Англия



Көшеде кілемді сілкуге және тазалауға тыйым салынады. Назар аударыңыз, егер Сіз кілемді тынығу кезінде тазалағыңыз келсе, онда таңғы сағат 08:00-ге дейін үлгеруіңіз керек.
Сағат 07:00 – 22.00 аралығында көшеде ірі қара малды бағуға тыйым салынады, бұл үшін полцияның арнайы рұқсаты болуы тиіс.
Теміржол вокзалында сүйісуге тыйым салынған. Тіпті мұндай арнайы белгілер де қойылған. Билік жолаушылардың перронда тұрып ұзақ қоштасуы онда кептелістің орын алуына себепші болуы мүмкін деп есептейді.
 

Италия


2008 жылдан бастап Венецияда Сан-Марко алаңында көгершіндерді тамақтандыруға тыйым салынған. Себебі, көгершіндер қауіпті ауруларды таратады және олар тариғи ғимараттар мен ескерткіштердің бүлінуіне себепші болады.

Венецияның жанындағы Эраклея қаласында жағажайда құмнан қорғандар салуға тыйым салынған, себебі олар жағалауда қыдырып жүрген адамдарға «кедергі келтіруі мүмкін».

Эболи қаласында ғашықтардың көлікте сүйісуіне болмайды.

Италияның Капри аралында ағаш табанды аяқ киімді, сондай-ақ кез келген қатты дыбыс шығаратын аяқ киімдерді киюге тыйым салынады.
 

Сингапур


«Қантсыз «Орбит» сағыз шайнайтындар жазаға тартылады. Себебі мұнда сағыз әкелуге және шайнауға тыйым салынады. Бұл ереже 1992 жылы қабылданған. Бұл елде сағыз денсаулыққа қатты зиян келтіреді және қоршаған ортаны ластауы мүмкін деген қағида бар.
 

Канада



Канадада заң бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 06.00 - 18.00 аралығында радио эфирінде 35 % тек ұлттық контент таратылады.
 

Жапония


2008 жылы елде 40-74 жас аралығындағы тұрғындардың белінің өлшемін жыл сайын бақылауға алу енгізілді (еркектерде 86 см аспауы, ал әйелдерде 90 см болуы тиіс). Жапонияда семіздікпен және одан туындайтын аурулармен осылайша күреседі. 2015 жылы аталған көрсеткіштерді орындамаған компанияларға айыппұл салынды.
 

Үндістан


2016 жылы Үндістанның Керала штатында артық салмаққа қарсы күресу үшін «майлы тамаққа салық» салынды – мейрамханалардағы гамбургерге, пиццаға, майлы бәлішке және басқа да майлы тағамдарға 14,5 % көлемінде.


Дереккөзі: Adme.ru
нравится:    144
Теги: Главная, Саяхатшыларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:

Комментарии