|    |  
10 желтоқсан 2018
07:42
қаз
Apple: iPhone-ға сұраныс төмендеді
28 тамыз, 11:45 73



АҚШ және Канада аумағындағы сауданы зерттеу нәтижелері соңғы жылдары iPhone смартфонына сұраныстың төмендеуі үрдісін көрсетті. Ceros компаниясының мәліметтері бойынша, iPhone енді ең жоғары сұранысқа ие тауар болып табылмайды, деп хабарлайды Сегодня.

Ең ірі Best Buy дүкендер желісі саудасының нәтижелері көрсеткендей, 2016 жылы Apple компаниясының ең көп сатылған тауары iPhone емес, Lightning-to-USB 2.0 кабелі болып табылады. Бұл аталған кабельдердің тез істен шығуына немесе иесінің жоғалтып алуына байланысты, сондықтан тұтынушылар оларды бірден бірнеше данадан сатып алуға тырысады. Сол себепті бір смартфонға кем дегенде 3-5 кабель сатып алынады.

2017 жылы Lightning-to-3.5mm жалғастырғыш тетігі сатылымда көш бастаған, себебі iPhone 7 және 7 Plus дизайнында құлаққаптарға арналған порт қамтылмаған, ал адаптерлер мен құлаққаптар әдетте жоғалады және тез істен шығады. Сол себепті көптеген тұтынушылар жалғастырғыш тетікті бірнеше данадан сатып алып отырған.

2018 жылы да iPhone Apple компаниясының сұранысқа ие тауары бола алмады. Қазіргі уақытта компанияның ең көп сатылған тауары – AirPods сымсыз құлаққаптары болып табылады. Құлаққап басқа смартфондарға да сәйкес келетіндіктен, оны тек iPhone және iPad тұтынушылары ғана емес, Android пайдаланушылары да көптеп сатып алады.
 


Жаңалықтар