|    |  
24 сәуір 2019
04:48
қаз
Алтынай Сәбитке қатысты бар шындықты жайып салды
24 қазан 2017, 16:35 14
Күміс көмей әнші Алтынай Жорабаева бұрынғы жолдасы Сәбит Әбдіхалықов жайлы бар шындықты жайып салды. Тіпті жұбайлардың ажырасып кеткеніне үш жыл болыпты. Сондай-ақ Сәбиттің ата-анасымен де араластығы жоқ екенін айтып қалды. Әнші мұның бәрін "Айта берсін" бағдарламасына берген сұхбатында баяндады. 


 
«Айгүл ажыраса салып, Сәбиттің ата-анасымен бүгінгідей жақсы араласқан жоқ қой. Кейін солай болды. Мүмкін бізде де солай болатын шығар. Біздің ажырасқанымызға енді үш жыл болады. Мен қыздардың әкелерімен, ата-әжелерімен араласуларына шектеу қоймадым. Өздерің шешіңдер дедім. Енді қыздар оны жалынып, өздері іздемейді ғой. Ер азамат тұрған кезде біз әйел басымызбен, қыздарымызбен бірге барып оның алдына иілмейміз ғой. Оларға біз неге жалынуымыз керек. Қыздарым барғылары келмейді. Ата-әжелеріңе апарайын ба, барасыңдар ма деп сұраймын өздерінен. Бастапқыда солай айта бергенімде үлкен қыздарым маған қатты ренжіді. «Анашым неге олай айтып, біздің жүрегімізді ауырта бересіз? Енді айтпаңызшы, біздің барғымыз келмейді»-деді. Содан кейін мен ол әңгімені қыздарыма айтпаймын. Әрі қарай өздері шешсін дедім»-дейді әнші.
 
 


Болашақта жақсы ер азамат жолықса екінші рет тұрмыс құруға бейіл екенін де білдірді.

«Бақыт тыныштықты жақсы көреді дейді. Менің ұстанымым сондай. Тыныш қана, бала-шағаммен бақытты болып, болашақ жарым кездесіп жатса сонымен бақытты болып дегендей.  Оның бәрін жариялаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Тіл-көз деген бар. Тұрмысқа шығып жатсақ, жариялап айтамыз ғой. Бірақ міндетті түрде ақ көйлек киіп, үлкен той жасау деген болмайтын шығар. Мен бірінші тойымда да ақ көйлек кимеппін, үлкен той да болған жоқ. Қазақша құдалық болды. Мен оны неге деп те сұраған жоқпын. Жас болдық қой ол кезде. Ал енді тұрмыс құрсам, ақ көйлек кию жағын төрт қызыммен ақылдасамын. Олар не айтады, сол болады. Үйде ашуланып, күйзеліске бой алдырып жүрген кездері үлкен қыздарым ақыл айтады. «Маған болашақ жарым кездесіп, отбасы құрамыз деп жатсақ қалай қарайсыңдар?» деп сұрап едім. Үлкен қыздарым: «Сіздің бақытты болып жүргеніңіз бізге де жақсы. Сізді біреу алақанына салып, мәпелеп жатса неге қуанбасқа? Біз керісінше қызғанбаймыз, қуанамыз» деп айтты. Әке-шешем де қарсы емес. Әкем: «жақсы жар кездесіп жатса, тұрмысқа шығып кет. Әйтпесе өсекке қаласың»-деп айтады. Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Әркім бақытты болуға лайықты»-дейді Алтынай.
 
Дереккөз: Reactor
 
 
 
 
 
 
 


Жаңалықтар