|    |  
19 наурыз 2019
21:06
қаз
Әлемдегі ең діндар ел анықталды
28 қаңтар 2018, 12:10 3

Британиялық Telegraph басылымы әлем елдерінің діни картасын сызыпты.
Аталмыш карта 2008, 2009 және 2015 жылдары бірнеше рет жүргізілген сауалнамалардың нәтижесіне қарай сызылған.
Сауалнамаға қатысқандарға «Өзіңізді діндармын деп есептейсіз бе?» деген бір ғана сауал қойылған екен.

Белгілі болғандай, ең діндар елдер Африка мен Таяу Шығыста болып шықты.

Одан кейін Оңтүстік-шығыс Азия мен Латын Америка елдері де қалыспаған.
Мұсылмандармен қатар христиандар тұратын Эфиопия бұл тізімде көш бастап тұр. Аталған елде сауалнама қатысқандардың 99 пайызы өзін діндарлардың қатарына жатқызған.
Сондай-ақ, Малаби, Нигер, Шри-Ланки және Йемен екінші орыннан көрінген. Сомалидегі діндарлар қарасы — 98%, Ауғанстанда — 97%. Ал еуропалықтардың дені өздерін атеист санаған.
Тек Полша ғана діндарлығы бойынша кәрі құрлықта алдыңғы орыннан көрінген. Ел тұрғындарының 86 пайызы өзін діндар санайды.
Италияда бұл көрсеткіш - 74%, Грекияда - 71%. Жапонияда - 13%. Эстония - 16%, Швеция (19%), Норвегия (21%) және Чехия (23%). 
Ал Қытайға келсек, миллиардтаған тұрғындардың 7 пайызы ғана өзін діндар санаған. Ал Ресей Федерациясында 70%, АҚШ - 56%.

Дереккөз: islam.kz


Жаңалықтар