Үндістанды дүниежүзі бойынша ең арзан көлік шығаратын ел деп атауға толық болады.

Bajaj RE60 үндістан автомобилі
Karenjy компаниясы. Мадагаскарда орналасқан 1985 жылы негізі қаланған. Компания ұзақ жыл үзілістен кейін Mazana 2 жаңа моделін шығаруға шешім қабылдады. Бірінші маркасынан айырмашылығы онда қауіпсіздік жастығы мен шыны көтергіштің болмауы. Осыдан да болар автокөлік сутегін бағаға сатылды.
Mobius 2
Кениялық Mobius Motors компаниясы жергілікті жолдарда жүруге жарайтын ең арзан көліктерді өндірумен ерекшеленеді. Машина капотының астында орналасқан мотор небәрі 1,6 литрді құрайды, оның күші 86 аттың күшіне ие. Автомобиль ең төменгі кузовтық элеметтермен шығарылған, онда керек десеңіз шынысы да жоқ. Осылардың негіздерінде Mobius 2 әлемдеі жол талғамайтын көліктердің ішіндегі ең арзаны болып есептеледі. Оны небәрі 6 мың долларға сатып алуға болады.
Hindustan Ambassador
Седан Hindustan Ambassador магнитолмен, ауа баптағышпен және гидрокүшейткішті рулмен жарақтандырылған. Оның көемін D-сыныпты седанмен салыстыруға болады. Таңдау ретінде 1,5 және 2,0 көлемді дизелді қозғалтқыш және 1,8 және 2,0 көлемде бензинді қозғалтқыш таңдау ұсынылады. Кузов 1956 жылы шығарылған, содан бері өзгертілмей келеді. Көліктің бағасы 5 мың долларды құрайды.
Suzuki Mehran
Пәкістандық машина жалғыз әлемдегі вакуумды күшейткішкіші жоқ тежегіш пен карбюраторлы мотормен жарақтандырылған әлемдегі заманауи көліктердің бірі. Пәкістандық бұл көлікті 5 мың долларға сатып аласыз. Алайда оның теникалық бөліктері ғана емес, ауа баптағыш құрылғыларының өзі заман талаптарына сәйкес келмейді.
Ресей авто нарығында арзан көліктер көшін көп жылдан бері Daewoo Matiz бастап келеді. 20 жылдан бері ол жоғары сұранысқа ие. Оны шамамен 299 мың рубьге (5 мың доллар) сатып алуға болады. Техникалық жағы әлсіз болса да, оның корейлік-өзбектік дизайыны көліктің тартымдылығын тіптен арттыра түсті.
Chery QQ
Қытайлық автокөлік. Ішкі нарықтағы өтімділіі өте жоғары. Автокөлік 5-сатылы «автоматпен» жарақтандырылған. Салонына 5 адам еркін сыйып кете алады. Небәрі 4500 долларға (автокөліктің базалық нұсқасының бағасы) ауа баптағыш, аудиоаппарат пен антенамен жабдықталған көлікті сатып ала алады.
Қытайдың ішкі нарығындағы көлік. Z100 хэтчбегі қала жолына лайықталған. Машинаның құны 3500 доллар тұрады. Ол 1,0 литрлік, 56 аттың күшіне тең мотормен жарақтандырылған. Қозғалтқышы «автомат» және «механик» болып бөлінеді. Автомобильдің құнына: толық электропакет, USB және AUX кіретін магнитола, АBS және EBD жүйелері, алдыңғы қауіпсіздік жастығы, парктроник т.б. құрал-жабдықтар кіреді
«ВАЗ 21054″
Көп жылдан бері базалық жиынтықтары өзгертілмей келе жатқан ресейлік автомобиль. Оның бағасы да көп уақыттан бері тұрақты (бағасы шамамен 2500 доллар). Көліктің артықшылығы оның қосалқы бөлшектерінің арзан болуы және жөңдеудің еш қиындықсыз жүргізілуінде жатыр.
Tata Nano
Автомобильді небәрі 2500 долларға сатып алуға болады. Ол әлемдегі ең арзан көліктер қатарында, алайда ең қауіпті автомобиль көшін бастайды. 60 км/с қозғалыста автокөлік соғысқан кезде одан аман қалу мүмкіндіктері өте төмен.
Bajaj RE60